From Wikipedia, the free encyclopedia
Ғапур Ибатуллин (15 мамыр 1926, Жанбай ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы — 20 наурыз 2020, Атырау) — Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Берлинді алуға қатысушы.
Ибатуллин Ғапур 15 мамыр 1926 жылы Жанбай ауылында дүниеге келген, Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руйы Беріш Құлкеш бөлімі Кіші жүз.
Ибатуллин Ғапур өзінің туған ауылында мектеп бітіріп, жұмысқа араласа бастаған. Ол 1944 жылғы қазан айында әскерге алынып, Чкалов (Орынбор) қаласында 1.5 айлық курстен өткізіледі. Сөйтіп, Смоленск қаласын азат етуге бағытталған қанды шайқаста басталған әскери өмірбаянын дәл Берлиннің өзінде аяқтайды. Ол екі ортада Белоруссия, Батыс Украинаны, Польша мен Германия елдеріндегі ұрыстарға қатысып, Висла, Одер, Эльба сияқты өзендерден өту, Кенигсбергті жаудан тазалау сияқты қиян-кескі шайқастардың талайын бастан өткізеді. Сонымен қатар, жауынгер ерлік жолымен Еуропаның алты бірдей мемлекетін фашизмнен тазалауға қатысты. Майдандағы осынау өлшеусіз ерлігі үшін “I дәрежелі Ұлы Отан Соғысы” орденімен, “Берлинді алғаны үшін”, “Белоруссияны азат еткені үшін”, “Батыс Украинаны азат еткені үшін ”, “Кеңестер одағының маршалы Г.К.Жуков” медальдарымен, Жеңістің 20, 30, 40, 50, 60, 70 жылдық медальдарымен, тағы басқа ондаған мерейтойлық медальдар, мақтау грамоталарымен марапатталған.
Әскер қатарынан 1951 жылы босап елге оралған соң, бейбіт еңбекке белсене араласты. Ленинград қаласынан жоғарғы оқу орнын бітіріп, экономист мамандығын алды. Жергілікті өнеркәсіп және сауда саласында жемісті еңбек етті. Зейнетке шыққан соң да біраз жыл қоғамдық жұмысқа белсене араласты.
Әкесі - Ибатолла Әбікерұлы. Анасы – Рахимаш. Дүниеге төрт қыз, екі ұл әкеледі: Шаида, Ассурa, Бақ, Ғафур, Қабиден, Шәкәрман
Ғафурдың жұбайы – Мақпал (1929-2003)
Балалары: Самат (1953-2009), Наташа (1956), Бәтима (1957) және Бибігүл (1969)
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.