From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұқымдас (лат. famіlіa) – биологиялық жүйеленімдегі таксономиялық категория.
Тұқымдас туыстығы жақын, тегі бір туыстарды біріктіреді. Мысалы, тал тұқымдасына тал, терек; ал тиін тұқымдасына тиін, сарышұнақ, т.б. жатады. Бірқатар тұқымдастың құрамына бірнеше жүздеген туыстар (күрделігүлділердің 1 мыңнан аса, аламандардың 100-ден аса туысы бар) кіреді. Сонымен қатар құрамында бір ғана туыс болатын тұқымдастар да кездеседі. Мысалы, анар тұқымдасының өзі аттас бір ғана туысы бар. Тұқымдастың латын атауы ботаникада, микологияда және бактериологияда – aceae; зоология мен вирусологияда іdea-мен аяқталады. Ірі тұқымдастар тұқымдас тармағына бөлінеді (онда oіdae және іnae жалғаулары жалғанады). Туыстығы жақын тұқымдастар отрядқа (зоологияда), қатарға (ботаникада біріктіріледі.[1]
Тұқымдас (familia) - биологиялық жүйелеудегі таксономиялық категория. Ортак шығу тегі жақын туыстарды біріктіреді. Жақын тұқымдастарды қатарға біріктіреді, кейде өтпелі топтарға, тұқымдас үсті, отряд асты және т.б. біріктіреді.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.