белгілі түстері бар мата From Wikipedia, the free encyclopedia
Ту, Байрақ, кейде Жалау — арнайы түстері бар белгілі бір геометриялық пішінге ие мата, көбінесе мемлекет, елді-мекен немесе басқа да адамдар тобының символы болып қолданылады. Әдетте тулар флагшток арқылы көтеріледі. Мемлекеттік-ту мемлекеттік-рәміз болып табылады. Мемлекеттіктен басқа көптеген елдерде әскери дәне коммерциялық тулар бар.
Туларды зерттеумен айналысатын ғылым саласы вексиллология (лат. vexillum — «ту», «байрақ») деп аталады.
Ту найза немесе басқаша бейнелер түріндегі металл ұштығы бар ағашқа бекітілген белгілі бір өлшем мен матадан тұрады. Ту жауынгерлердің жиналуы мен бірігуі үшін алыстан жақсы көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, т.б. елдерде биік сырыққа орнатылған қандай да бір бейнелер түрінде пайда болған. Десе де, Даннеброгты (Данияның жалауы) – әлем халықтары ең көне ту деп таниды әрі ол әлі күнге дейін қолданылып келе жатыр.[1] Ағашқа немесе белдем ағашқа жазулар мен рәміздік бейнелері бар ерекше тақташалар (цоколь) немесе мата кесіндісі бекітілген. Мысалы, Римде, Ту рөлін легион белгісі болып табылған, ағашқа орнатылған қыран құс бейнесі атқарды.
Шайқаста Туынан айрылған жасақтар таратылды. Шайқас кезінде дұшпан Туларын қолға түсіргені үшін жауынгерлерге ерекше марапаттар жасалды. Көшпелі халықтарда да (сақ-скифтер, ғұндар, түркілер, т.б.) Туды жауынгерлік рухтың белгісі ретінде ерекше құрметтеген. Ту үлкен матадан түсті желек түрінде жасалып, найзаның сабына байланып көтерілген. Жауынгерлерге күш беріп қорғау үшін оған киелі белгілер (жыртқыш аңдар мен айдаһардың басы, кейіннен Ай, Құран аяттары) салынды. Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Қазақ қоғамында ханның Туынан басқа, белгілі қолбасыларға да Ту тапсырылған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгембай, Жәнібек, т.б. әйгілі батырлардың өз Туы болды. Ол Тулар кейіннен сол батырдың ұрпақтарында қалып, кие тұтылды. Ауру-кеселден, жамандықтан қорғайды деп қастерленді. Негізінен мыңбасыларға, түменбасыларға берілетіндіктен, кейде әскер саны Тумен есептелді. Әскери бөлім құрылғаннан кейін оған Ту тапсырылады. Ол Туды әскери бөлім өз атын, нөмірін өзгерткеніне қарамастан сақтауға тиіс. Ту әрқашан өз бөлімінде сақталады, ал шайқас кезінде әскери қимылдар ауданында болады. Тудан айырылған жағдайда бөлім командирі мен тікелей кінәлілер әскери трибуналмен сотталып, әскери бөлім таратылады.[2]
Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Ту сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының ара қатынасы - 1:2.
Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс - Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран елдің еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.