From Wikipedia, the free encyclopedia
Тохалар, тоқарлар (грекше және араб жазбаларында – тохар, үндіше – тукхара, қытайда – ту-ху-ло, тибет жазбаларында – тхогар) – 1) б.з.д. 2 ғ. – б.з. 1-мыңжылдықтағы Орта Азиядағы Бактрияның тұрғын халқы.
Бұлардың есімімен б.з. 1-мыңжылдықта Бактрия Тохарстан аталған (13 ғ-ға дейін). Тохалар кейбір Шығыс Иран тайпаларымен бірге б.з.б. 140 – 129 ж. Грек-Бактрия патшалығын құлатып, бес аймаққа (тайпаға немесе иеліктерге) бөлініп тұрды. Б.з.б. 1 ғ-дың соңында Тохалар сол аймақтың бірінің көсемі Кушанның басшылығымен Кушан патшалығын құрды. Сол кезден бастап Тохалар иран тобы тілінде (Шығыс ирандық) сөйлеп, грек әліпбиін пайдаланған.
Тохалар тілі б.з. 1-мыңжылдықтың соңына дейін сақталған. Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде Тохалар Орта Азия тәжіктерінің түп атасы. Олар Орталық Азияның солтүстік-шығысынан Бактрияға қоныс аударған. Бірақ көптеген ғалымдар Тохалар мен юсчжаларды бір тайпа санап, оларды ғұндар Шығыс Түркістаннан Орта Азияға (б.з.д. 165 – 140 ж. ш.) ығыстырған деген пікірде. Кейде ғалымдар юечжаларды тохалардың арғы тегі санап, олар Орта Азияға келген соң иран тілін үйренді деген тұжырым жасайды. Тохалар – юсчжалар массагеттердің тармағы болуы да мүмкін.
2) «Тохар» тілінде сөйлеген халықтың тұспал атауы. Бұл халықтың өмір сүруі жайлы дерек Шығыс Түркістаннан 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында табылған 6–7 ғасырларда жазылған будда жазбасындағы деректен анықталып отыр. Т. әуелде (б.з.д. 3–2 ғ.) Шығыс Еуропада Қара Тохалар жағалауында өмір сүрген болу керек. Б.з. 1-мыңжылдықта Орталық Азияға қоныстанған. Алайда бұл қоныс аударудың дәл мерзімі анықталған жоқ[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.