From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұра өзені– Теңіз көлі алабындағы өзен.
Нұра өзені | |
---|---|
Сурет:Нұра өзені.jpg | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 978 км |
Су алабының ауданы |
58 100 км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Қызылтас |
• Координаттары | 49°20′23″ с. е. 74°44′04″ ш. б.49.339889° с. е. 74.734583° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Теңіз көлі |
• Координаттары | 50°30′55″ с. е. 69°11′54″ ш. б.50.51528° с. е. 69.198417° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды, Ақмола облыстары |
Қарағанды және Ақмола облыстарының жерімен ағатын өзен. Ұзындығы - 978 км, су жинау алқабы - 60,8 мың км2. Нұра Қарқаралы тауының батыс сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды. Ұзындығы 10 км-ден астам 200-дей саласы бар.
Нұра Қызылтас тауының батыс сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне кұяды.
Нұра жоғарғы ағысында аласа таулардың арасымен, орта тұсында ұсақ шоқылар бойымен және төменгі ағысында төбелі жазықпен ағады. Өзен аңғары жоғары және орта бөлігінде қатты кристалды шөгінді жыныстардан (ені — 2-10 км) түзілген, төменгі жағында аңғары 25 км-ге дейін ұлғаяды. Жайылмасы кең (кейде 15 км-ге дейін) келеді. Тереңдігі 1-4 м. Жылдық орташа су шығыны 19,5 м3/с (сағасынан 369 км жерде). Негізінен қар және жер асты суымен толығады. Жылдық ағынының 92,1%-ы сәуір-мамырда, 7%-ы маусым-қазанда, ал 0,9%-ы қыста өтеді. Жылдық ағынының орташа көп жылдық көлемі (Романовское селосы тұсында) — 473 млн. м3. Өзен қарашаның басында қатып, сәуірде мұзы ериді. Ірі салалары: Ақбастау, Алтынсу, Байғожа, Есен, Ұзынбұлақ, Құланөтпес, Матақ, Ащысу, Үлкен Құндызды, Көкпекті, Шерубайнұра (ең ірісі, 268 км).
Суға тапшы Орталық Қазақстан жағдайында Нұраның шаруашылық маңызы өте зор. Өзен бойында Самарқан, Самар және Шерубайнұра бөгендері салынған. Нұра су құбыры іске қосылған. Сағасында Қорғалжын мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.