From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақбастау – Нұра алабындағы өзен.
Ақбастау өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 83 км |
Су алабының ауданы |
1570 км² |
Су алабы | Нұра |
Су ағысы | |
Бастауы | Жақсы Қаражал тауының бұлақтары |
Сағасы | Нұра өзені |
• Координаттары | 49°36′39″ с. е. 74°19′44″ ш. б.49.61083° с. е. 74.32889° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы |
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының батысындағы өзен.
Шет ауданының солтүстігіндегі Жақсы Қаражал тауының бұлақтарынан басталып, Жуантөбе, Егізқызыл тауларының батыс тұсында Нұра өзеніне құяды. Ұзындығы 83 км, су жиналатын алабы 1570 км2. Жылдық орташа су ағымының мөлшері 0,18 м3/с.
Сол жағынан Айнасу, Қамыстыбұлақ, оң жағынан Қасқақұдық сияқты ұзынды-қысқалы 8 сала құяды. Суы жыл бойы ішуге жарамды. Желтоқсанның 1-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді.
Аңғарының шалғындық ақшыл қара қоңыр топырағында бидайықты шалғын, тал бұталар, алабының қыратты жерінде бетеге, қызғылт селеу, т.б. өседі. Жайылмасы шүйгін шабындық болғандықтан жайылым ретінде пайдаланылады.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.