From Wikipedia, the free encyclopedia
Милан (итал. Milano) — Италиядағы қала, Ломбардия әкімшілік аймағына қарасты Милан провинциясының астанасы.
Коммуна | |||||
Милан | |||||
Milano | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Аймағы | |||||
Провинциясы |
Милан | ||||
Мэр|Мэрі |
Джузеппе Сала | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
45°28′00″ с. е. 9°10′00″ ш. б.45.46667° с. е. 9.16667° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Жер аумағы |
182 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
120 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲1 301 394[1] адам (2016) | ||||
Тығыздығы |
7,437 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Этнохороним |
миланиялықтар | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
(+39) 2 | ||||
Пошта индексі |
20100 | ||||
ISTAT коды |
15146 | ||||
comune.milano.it (итал.) | |||||
Милан шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Милан |
Дегенмен әкімшілік провинция мен шекаралас Монза мен Брианза провиниясы(Милан провинциясының солтүстік бөлігінен бөлініп, 2004 жылы құрылған) жерлерін қамтитын қала аумағы Еуропадағы ең үлкен аумақтардың бірі: 1980км² аумақта шамамен 4 млн-нан астам тұрғын тұрады, халық тығыздығы 7,437 тұрғын/км²-нан астам. 1950-1960 жылдардағы Ұлы Экономикалық бум мен жұмысшылардың жаппай ағынының нәтижесінде қала төңірегіндегі аудандардың ұлғаюы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың қала шегі мен агломерацияларынан әлдеқайда кеңи түскенін көрсетеді. Бұл Ломбардия өңірінің барлық орталық аймағына таралған 7,4 млн тұрғыны бар метрополиялық ауданның құрылуына әкелді. Милан метрополиялық ауданы "Көк банан" аталатын Еуропаның халық ең көп қоныстанған және өнеркәсіптік тығыздығы жоғары ауданының бөлігі болсын деген ұсыныстар айтылған.
Милан қаласының негізін көне кельт халқы инсубрлер қалады. Кейінірек б.з.б. 222 жылы қаланы Римдіктер жаулап алды да, қала б.з. 286 - 402 жж. Батыс Рим империясының астанасы болды. Милан кейінгі Орта ғасырларда Италияның гүлденген қалаларының біріне айналды және Ломбард Лигасында маңызды рөл ойнады. Уақыт өте, қала Милан герцогтігінің астанасы болды. Осы уақыт аралығында қаланы Висконти, Сфорза, Испан Корольдігі және Австрия империясы биледі. 1796 жылы Наполеон І-нің француз әскері Миланды басып алды. 1805 жылы ол оны Италия Корольдігі "қуыршақ" мемлекетінің астанасы етті. Кейінірек Милан Австрия Империясының бөлігі Ломбардия-Венеция корольдігінің астанасы болды. 1859 жылы қала Сардиния Корольдігімен бірікті, нәтижесінде Италия Корольдігіне айналды. Романтизм дәуірінде, Милан Еуропадағы ірі мәдени орталық болды. Бұл жекелеген суретші, композитор, әдебиет қайраткерлерінің қалаға ағылуына ықпал етті. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде, Одақтастардың бомбылауы қалаға үлкен зардабын тигізді. 1943 жылғы Неміс оккупациясынан кейін, Милан италиян қарсылықтарының басты ошағына айналды.
Жылдар бойы, Миланға шет елдерден келген тұрғындардың саны артып отырды. Қазір Милан халқының 15.2%-ын өзге елде туғандар құрайды. Қала әлі де Еуропаның негізгі транспорт және өнеркәсіп орталықтарының бірі болып отыр. Сонымен қатар, Милан бүгінде Еуропалық Одақтағы ең маңызды бизнес пен қаржы орталықтары арасында 10 орынға (2009), сатып алуға жарамдылық көрсеткіші бойынша әлемдік ең бай экономикалар арасында 26 орынға ие. Милан метрополиялық ауданы Еуропада ЖІӨ көрсеткіші бойынша 7 орын алады. Милан провинциясының(шектеулі коммуна жерін алмастыратын жалғыз әкімшілік урбандық бірлік болып келе жатқан) 2007 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші €40,000(Еуроодақ 27 орташа мәнінің 161%-ы) болып, Италияның барлық провинциялары ішнде алғашқы орынға шықты. Бүгінде қала жұмысшыларының орташа табыс деңгейі Италияда ең жоғарғы, ал әлемде 26 орын иеленеді. Бұған қоса, Милан шетелдік жұмысшылар үшін әлемдегі ең қымбат бағалы 11-інші қала, және 2010 жылғы "Economist Intelligence Unit" жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемдегі өмір сүруге ең қымбат 12-нші қала. Кейбір зерттеулерге қарағанда, қала брэндингі тұрғысынан өте табысты болған Милан қаласының экономикалық ортасы оны әлемнің 20-шы, Еуропаның 10-шы басты бизнес және қаржы орталығы етті.
Милан сауда, өнеркәсіп, музыка, спорт, әдебиет, өнер және БАҚ-та үлкен ықпалы бар әлемнің сән және дизайн астанасы ретінде көпшілікке танымал. Осылайша оған 2008 жылы "GaWC" "әлемнің Alpha+ қаласы" деген баға берді. Ломбард метрополиясы, әсіресе, өзінің сәнді үйлері мен дүкендерімен әйгілі(мысалы, әлемнің ең көне сауда орталығы ретінде белгілі Piazza Duomo-дағы "Via Monte Napoleone" және "Galleria Vittorio Emanuele"-ны бойлай орналасқандары). Қаланың көне мәдени мұрасы, тынымсыз түнгі өмірі бар. Милан Рождетво торты Panettone және risotto alla Milanese сияқты көптеген әйгілі тағамдардың Отаны. Әйгілі музыкалық, опералық дәстүрі бар қала Ла-Скаладай театр мен Джузеппе Вердидей композитордың алтын бесігі. Сонымен қатар, Милан бірнеше музей, университет, академия, сарай, шіркеу және кітапханаларымен де танымал(мысалы, Academy of Brera және Castello Sforzesco), әлемге әйгілі "Милан" мен "Интернационал" футбол командаларының орны бөлек. Милан, "Euromonitor International" бағалауы бойынша, 2009 жылы сырттан халық ең көп келетін әлемдегі 63-ші қала болды, келушілердің саны 1.894 млн-ға жетті. Қала 1906 жылғы Дүниежүзілік Көрмені өткізді, енді 2015 жылғы Ғаламдық Көрмені қабылдайды.
Миланның тұрғындарын "миландықтар" деп атайды(италиянша: Milanesi, не бейресми Meneghini, не Ambrosiani). Милан өзінің ұлттық үрдістерді белгілейтін экономикадағы негізгі рөлі мен қызу саяси және мәдени өмірі құрметіне "Италияның рухани астанасы" деген лақап атты иемденді.
Ағылшынша Milan атауы Ломбардтан бастау алады, ал италиянша Milano атауы Латын Медиоланумымен байланысты. Медиоланум - кельт тайпасы - инсубрлер құрған қала, Рим империясы жаулап алған б.з.б. 2 ғасырға дейін қала иелігінде болды. Медиоланум аты Франциядағы бірнеше Галло-Римдік жерлерде кездеседі(мысалы,Медиоланум Сантонум( Сайнтс) және Медиоланум Аулеркорум(Эвре)). Сөз құрамында "-lan" деген кельт тілінің элементі бар сияқты. Ол "шарбақ" немесе "қоршалған аймақ" дегенді білдіреді(валиялық 'llan' сөзінің түбірі, мағынасы ғибадатхана немесе шіркеу).Демек, Медиоланум орталық қала немесе кельт тайпасының ғибадатханасы деген мағынаны білдіруі мүмкін.
Бұл атаудың пайда болу тарихы мен жабайы қабанның қала символына айналуы өзінше бір қызық оқиға. Алғаш рет ол Андреа Альчиатоның Emblemata деген еңбегінде көрініс тапты. Алғаш бой көтерген көше қабырғаларының ағаш оймасының астында табылған. Бұл жерде қабан жерден қазып алынған түрде салынған. Ал Медиоланум этимологиясы латын және француз тіліндегі "жартылай жүнді" деген мағынаға саяды. Қаланың құрылуы екі кельт халқы - Битуриги және Эдуи халықтарымен тікелей байланысты. Олардың эмблемалары қой және қабан болды. Сондықтан, "Қаланың символы жүні бар қабан, және ол екі түрлі кейіпте: бірі өткір қылды болса, екіншісінің жүні тегіс". Альчиато Амвро́сий Медиола́нскийдің пікіріне жүгінеді.
Жергілікті Батыс Ломбард диалектінде қала атауы Милан болғанымен, неміс тіліндегі нұсқасы Майланд.
Б.з.б. 400 жыл шамасында кельт инсубрлері Милан және оның төңірегін мекен етті. Б.з.б.222 жылы Римдіктер бұл елді мекенді жаулап алды. Содан бері бұл жер Медиоланум аталатын болды. Рим қарамағындағы бірнеше ғасырдан кейін, б.з. 293 жылы Император Диоклетиан Миланды Батыс Рим Империясының астанасы деп жариялады. Диоклетианның өзі Шығыс Рим Империясында(астанасы Никомедия) қалуды жөн көрді. Имерияның батыс билігін оның жолдасы Максимианус өз қолына алды. Ол бірден өлшемі 470 × 85 м үлкен цирк, the Thermae Herculeae, империялық сарайлардың үлкен кешені және бірнеше өзге де ғимараттар сияқты алып монументтер салуға көшті.
313 жылғы Милан жарлығына сәйкес, Император Константин I Христиандарға дін бостандығына кепілдік берді. 402 жылы Визиготтар қаланы қоршауға алды. Империя резиденциясы Равеннаға көшірілді. 50 жылдан кейін(452 жылы), Ғұндар қаланы жаулап алды. 539 жылы Остроготтар Готтық соғыс(535–554) деп аталатын Византия Императоры Джустиниан I-ге қарсы соғыс барысында Миланды басып алып, қиратты. 569 жылдың жазында, Лонгобардтар(Италиядағы Ломбард өңірінің атауы осыған байланысты пайда болған)қаланы қорғауға қалған саны жағынан аз Византия әскерін жеңіп, Миланды бағындырды. Ломбард билігі кезінде де Рим Империясындағы құрылымдары қолданыста болды. 774 жылы Милан Франктерге берілді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.