From Wikipedia, the free encyclopedia
Микроэлементтер – топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І, т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В.Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады. Микроэлементтер бойдың өсуіне (жануарларда – Mn, Zn, І), қанның түзілуіне (Fe, Cu, Co), т.б. әсер етеді. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегенде өсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу - тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыс тотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Йод адам және жануарлар организміндегі тироксин гормонының қызметін жақсартады. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т.б. пайдаланылады.[1][2]
Күн сайын Са-ды дене салмағының 10-15 мг/кг iшiп-жеу ұсынылады. Са-ға ең бай сүт, сыр, iрiмшiк, жеміс-жидектер. Ішекте тағаммен түскен Са-дың 30%-ке жуығы сiңiрiледi. Өмiрiнiң алғашқы күндерiнде организм қабылдаған бүкiл Са-ды сiңiру төмендейдi, ал жүктiлiк және лактация уақытында артады. Асқазанның қышқылды iшiндегiсi Са-дың көмiрқышқыл және фосфорлы-қышқылды тұздары диссоциацияланады және Са иондалған формада немесе ерiген хелаттармен комплексiнде iшекке түсiп, сiңiрiлуге ұшырайды. Тағамдық рационның көптеген компоненттерi және физиологиялық факторлар Са-дың сiңiрiлуiне әсер етедi. Са-дың сiңiрiлуiн Д витаминi, ақуыздар, лактоза, лизин, аргинин, лимон қышқылы, соматотропин арттырады, ал тироксин, кортизол, фосфаттар, фитин қышқылы төмендетедi. Р-дың рационмен тәулiктiк пайдалану 3г құрайды. Р-дың негiзгi мөлшерi сүтпен, етпен және балықпен түседi. Ішекте тағаммен бiрге түскен Р-дың 70%-i сiңiрiледi. Р-дың сiңiрiлуi рационда Са, Мg, Al, Fe-дiң жоғары мөлшерiне байланысты төмендейдi. Na, майлар, фитат, Д витаминi Р-дың сiңiрiлуiне жағдай жасайды. Сiңiру Са мен Р-дың 1/2 тең қатынасы кезiнде сәттi жүзеге асырылады.
Қалыпты жағдайда плазмада Са-дың концентрациясы ересек адамда 2-2,75 ммоль/л және балаларда 2,74-3,24 ммоль/л тең. Сарысудың 50%-ке жуығы иондалған Са, 10% цитратпен, лактатпен, бикарбонатпен, фосфатпен қосылыс түрiнде кездеседi. Қалған 40% ақуыздармен (альбуминмен) байланысқан. Иондалған Са биологиялық активтi болып табылады. Альбуминмен байланысқан Са ағзада Са деңгейiнiң жоғарылауын немесе төмендеуiн реттейтiн буфер тәрiздi әсер етедi. Са-дың ағзадағы негiзгi мөлшерi сүйектi теріде болады (1кг-ға жуық). Жұмсақ терілер үлесiне небары 14г тиедi. Қандағы органикалық емес фосфаттың концентрациясы қалыпты жағдайда 0,646-1,292 ммоль/л (балаларда 1,29-2,26 ммоль/л) құрайды. Қан сарысуында фосфаттың 80%-i бос иондар түрiнде тiршiлiк етедi, басқа бөлiгi белокпен байланысқан. Қаңқада шамамен фосфаттың 85% орналасқан. Қалғандары органикалық фосфатты қосылыс түрiнде кездеседi.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.