From Wikipedia, the free encyclopedia
Мальдивтер (мальд. ދިވެހިން; дивехи сөзін мальдив тілінен аударғанда "аралдықтар" деген мағынаны білдіреді) — Мальдив аралдарындағы Мальдив Республикасының байырғы және негізгі халқы. Олар сондай-ақ Үндістанда және Шри-Ланкада тұрады. Жалпы саны саны — 300 мыңнан астам адам. (2009).[1]
Мальдивтер | |
дивехи | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
300 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
мальдив тілі | |
Діні | |
Мальдивтердің этногенезі әртүрлі этностардың ғасырлар бойғы араласуы нәтижесінде пайда болды: біздің дәуіріміздің 1-мыңжылдығында Мальдив аралдарында тұратын сингалдар, үндістер, малайзиялықтар, XII ғасырдан бастап аралдарға енген арабтар, XVI—XVIII ғасырларда Малайлар, Индонезия және басқа да шағын топтар қоныс аударып араласқан. XIV ғасырда сұлтанат қалыптасты.[2]
Мальдивтердің тілі - мальдив тілі, үнді-еуропалық тілдер семьясының, үнді-арий тармағына жатады. Сингал және басқа үнді-арий тілдеріне жақын. Мальдивтердің шамамен 10% -ы ағылшын, кейбіреулері хинди, урду және араб тілдерінде сөйлейді.[3]
Мальдив аралдарының халқы ерекше қасиеттерге ие мұсылмандар, мұнда дінге үлкен мән беріледі.[4]
Негізгі дәстүрлі кәсіптері - балық аулау, теңіз кәсіпшілігі, ауыл шаруашылығы аз дамыған (құмай, кокос, тары, жүгері, ямс). Дәстүрлі қолөнері - копра талшығын өңдеу, балық аулау торларын тоқу.[5]
Мальдивтердің отбасылық дәстүрлері әйелдің бүкіл қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығын атап өтеді. Мұнда, көрші аралдардағыдай, әйелдердің мінез-құлқына немесе киіміне байланысты тыйым салу жалғасуда. Мальдивтер бала кезінен үлкенді құрметтеуге, туған халқы адамның басты байлығы екенін сезінуге баулиды. Жас отбасылар шаңырақ көтергеннен кейін де ата-анасымен бірге тұрып, оларға қолдау көрсетіп, көмектеседі.[6]
Мальдивтер ауылдарда тұрады (әдетте бір ауыл бір аралда орналасқан), олар 19 ауданды құрайтын 19 атоллға кіреді. Дәстүрлі үйлері іргетасы маржаннан жасалған.[7]
Мальдивтердің ұлттық тағамдары негізінен балық болып табылады. Гатудхия байи - күріш қосылған балық сорпасы (балық кесектерге кесіліп, қабығы аршылып, пияз, лимон, тұз және дәмдеуіштерді қосып суға қайнатады; бөлек пісірілген күрішпен жейді), вихаакур - балық соусы (тығыздыққа дейін қайнатылған балық пияз, дәмдеуіштер, күріш және кокос сүтімен араласады), олар кептірілген және тұздалған балықты жейді, қара шай мен кофені сүтсіз ішеді.[8]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.