From Wikipedia, the free encyclopedia
Күмісқазық – Ақшатау жотасының оңтүстігіндегі оқшауланған шоқылы тау.
Күмісқазық тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
2,5 км |
Ені |
1 км |
Биіктігі |
746 м |
Орналасуы | |
47°50′41″ с. е. 79°24′37″ ш. б.47.84472° с. е. 79.41028° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан. Бақанас және Аягөз өзендерінің аңғарында. Абсолюттiк биіктігі 746 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
Солтүстік беткейі тіктеу, қалған бөліктері көлбеу келген. Пішіні доға тәрізді. Солтүстігінде Аққұдық бұлағы, шығысында Қожа, Омар қыстаулары, оңтүстігінде Жуантөбе бұлағы мен Қарашоқы шоқысы, батысында Алтынқазық тауы орналасқан.
Палеозой дәуірінің кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан құралған.
Баурайындағы қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар, тал өседі. Мал жайылымына қолайлы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.