From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақшатау жотасы – Сарыарқаның оңтүстік-шығысындағы жота.
Ақшатау жотасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
1305 м |
Орналасуы | |
48°21′03″ с. е. 79°23′18″ ш. б.48.35083° с. е. 79.38833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Абай облысындағы Абай, Аягөз аудандары жерінде |
| |
|
Абай облысындағы Абай, Аягөз аудандары жерінде, Шыңғыстау жотасының оңтүстігінде орналасқан.
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жалғаса созылып жатқан Қарақшы (биіктігі 1151 м), Жалтыртұмсық (биіктігі 1169 м), Қособа (биіктігі 1305 м) сияқты бірнеше жеке таулар мен шоқылар тізбегінен тұрады. Оларды Арсалаң, Ақшатау өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Жотаның оңтүстік-батыс беткейі тіктеу, жартасты, биіктігі 1300 м-ден 1000 м-ге дейін күрт төмендейді. Солтүстік-шығыс беткейі еңістеу, бірте-бірте көлбеуленіп жазыққа айналады. Оңтүстігінен Балқыбек, Көксала, Қалғұтты, шығысынан Сарыбұлақ, солтүстігінен Шетембай, Терісайрық өзендері бастау алады.
Ақшатау жотасы палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан құралған.
Жотаның жалпақ төбелері мен беткейлерінің қоңыр топырағында далалық өсімдіктер (қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар) өседі. Сайларында шоқ қайың, көктерек, тал өседі. Мал жайылымына қолайлы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.