From Wikipedia, the free encyclopedia
Булаев — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала, Мағжан Жұмабаев ауданының (1928) және Булаев қалалық әкімдігі орталығы.
Қала | |
Булаев | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Әкімі |
Азамат Жаңбырбайұлы Қыраубаев |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
54°53′58″ с. е. 70°26′43″ ш. б.54.89944° с. е. 70.44528° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1894 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
8 590[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
15 |
Булаев шекарасы
|
Облыс орталығы – Петропавл қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде, Транссібір (Оңтүстік Сібір) темір жол магистралінің бойында, “Қамыстысай” деп аталатын ұзын, кең сайда, орманды белдемде орналасқан.
Іргесі 1894 жылы Транссібір темір жол магистралін салуға байланысты темір жол станциясы ретінде қаланды. 1936 жылдан аудан орталығы. Қалада май, ұн зауыттары, астық қоймасы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін мектептер, 2 мәдениет үйі, аурухана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, т.б. мекемелер бар. Булаев арқылы мемлекетаралық маңызы бар Петропавл — Омбы автомобиль жолы өтеді.
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 9638 адам (4752 ер адам және 4886 әйел адам) болса, 2009 жылы 8433 адамды (3950 ер адам және 4483 әйел адам) құрады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.