From Wikipedia, the free encyclopedia
Апельсин – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар.
Апельсин | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Апельсин
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Malus domestica |
Апельсин – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгі жасыл жеміс ағашы. Отаны – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Жабайы күйде кездеспейді. Бүгінгі біз білетін апельсин мандарин мен помеланың гибриді. Еуропаға апельсинді саяхатшылар ХV ғасырда әкелген. Қазіргі кезде апельсин тропикалық және субтропикалық аймақтардың көбісінде өсіріледі. Биіктігі 10-12 м, жапырағы қалың, сопақша, ұшы сүйірлеу болып келеді. Гүлінің түсі ақ, жұпар иісті. Жемісінің түсі сұрпына қарай ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін болады, пішіні домалақ. Жемісінің орташа салмағы 100-400 г. Апельсин – жылусүйгіш өсімдік. Бұл өсімдіктің жапырақтары –5ºС температурасында түсе бастайды, ал –8ºС, –9ºС-ге жеткенде, ағаш өліп қалады. Өсіп тұрған жері қолайлы болса 75 жасқа дейін өмір сүреді. Апельсиннің селекционерлер шығарған сұрыптары өте көп, жылда 10-15 шақты жаңа сұрыптары шығып жатады.
Сұрпына қарай шырыны тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылтым-ащы болады. Апельсиннің құрамында қант, лимон, аскорбин қышқылдары, С, В1, В2, В6, Р,А витаминдері, пектинді және азотты заттар, көмірсулар, өзектер, фитонцидтер және минералды заттар бар. Апельсиннің қабығының құрамында 2% -ға дейін эфир майы болады. Апельсин жемісі аспаздықта, парфюмерияда және медицинада кеңінен қолданылады. Организмдегі зат алмасу үдерісін жақсартып, бауыр және жүрек сырқаты бар адамдарға пайдалы.
Медицинада целлюлоза мен апельсин шырынын қолдану туралы айтатын болсақ, олар көбінесе өнім шығаратын жеңіл лактивті, диуретикалық және холеретикалық әсерді, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігінің төмендеуімен және олардың нығаюымен бірге жүретін антисклеротикалық әсерді білдіреді.[1]
Апельсиннің сұрыптары 3 топқа бөлінеді: кәдімгі — қабығы қызғылт сары, жемісі ашық қызғылт сары; королектер — ашық қызғылт сары қабықты, қызыл немесе қызыл тамырлы жемісті; сабақты — жоғары жағында негізгі жемістің қабығыннан сәл шығыңқы жетілген жемісі бар. Кәдімгі апельсиннің қанты мол, жемісі шырынды. КСРО-да мынадай сұрыптары өсіріледі: Королек 100 (Королек грузинский), Вашингтон Навел, Тладкокорый (Вашингтон Навел гладкокорый), Первенец. Апельсин жемісінің қабығы витаминге аса бай, бірақ ашқылтым дәмі бар. Жемісін жаңа піскен күйінде пайдаланады, одан қайнатпа, компот, шырын, цукат жасайды.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.