From Wikipedia, the free encyclopedia
Акция (нидер. aktіe , нем. Aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.[1][2]
Кез келген заңдық немесе әлеуметтік маңызы бар әрекет; әлде бір мақсатқа (мысалы, саяси акция; дипломатиялық акция) қол жеткізу үшін қолданылатын іс-қимыл.[3]
Акционерлік қоғам капиталында оның иесінің үлестік қатысуы туралы куәлік ететін акционерлік қоғам шығаратын және қоғамның істерін басқаруға қатысуға, оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алуға және сонымен қатар, ол таратылғаннан соң қалған мүліктің тиісті бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаздың бір түрі.[4][5]
Іс жүзінде иелену оның иесінің компания акционері ретінде заңдық құқын қуаттайтын акция түрі. Ұсынушыға берілетін акцияның атаулы акциялардан айырмашылығы, жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпестен, құнды қағаздар рыногында оны еркін сатып алуға және сатуға болады.
Акционерлік кәсіпорынның тең иеленушісі; белгілі бір табысты алуға және істерді басқаруға қатысуға құқық беретін акциялардың иесі.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнынын шегінде, қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Акция эмиссиялары есебінен құралатын акционерлік қоғамның, негізгі қоры. Акционерлік қордың одан әрі өсуі, жинақталған пайданы қорға айналдыру жолымен және жаңа акциялар эмиссиясы есебінен жүзеге асырылады. Пайданың недәуір бөлігі, қор биржасында акциялармен саудаласу барысы кезінде алынады.
Акция бағасы - нарықта акцияның ақшамен бағалануы. Атаулы, теңгерімдік (бухгалтерлік) және нарықтық құн түрлеріне бөлінеді. Акцияның атаулы құны— айналысқа акция шығарған акционерлік қоғамның жарғылық капиталының бірлік үлесі. Ол акцияның эмисссиясын тіркеу кезінде көрсетіледі және акцияларды заңнама бойынша инвесторларға сату кезінде бастапқы баға болып табылады. Акцияның теңгерімдік құны — 1 акцияға шаққандағы қарыз капиталын шегергендегі меншікті капиталдың шамасы. Акцияның нарықтық құны немесе оның бағамдық құны — акция қор нарығында сатылатын және сатып алынатын баға. Ол туралы ақпараттың негізгі көзі — биржалық және биржадан тыс ұйымдастырылған нарықтардың баға белгіленімі.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.