Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
The Rolling Stones (ағылш. Роллинг Стоунз, тікелей аударғанда "дөңгелеген тастар", шын мәнінде, қаңбақ деген өсімдіктің атауы, ал бұл сөздің ағылшын сленгіндегі мағынасы — қаңғыбас) — британдық рок-топ, 1962 жылы пайда болған және көптеген жылдар бойы танымалдығы жағынан The Beatles тобымен бәсекелескен.
The Rolling Stones | |
The Rolling Stones Милуокиде. 2015 жыл | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Жанры |
Рок-н-ролл |
Белсенділік жылдары |
1962 — қазіргі уақыт |
Мемлекет | |
Қайдан | |
Басқаша атауы |
The Stones |
Өлеңдерінің тілдері | |
Лейблдері |
Virgin Records, Decca, Rolling Stones Records |
Топ құрамы |
|
Бұрынғы қатысушылары |
|
Басқа да жобалары |
Blues Incorporated, The New Barbarians, SuperHeavy |
rollingstones.com |
The Rolling Stones - Британдық рок-басқынның маңызды бөлігі деп есептелінетін және рок тарихындағы ең танымал, коммерциялық табысты топтардың бірі.[1]. The Rolling Stones, топтың менеджері Эндрю Луг Олдэмнің жоспары бойынша, The Beatles тобының "бунтарлық" альтернативасы болуы керек болған көрінеді, ал 1969 жылдың өзінде американдық турненің қорытындысына қарасақ, "әлемдегі ең ұлы рок-н-ролл топтардың бірі» болып жарнамалана бастаған және (Allmusic-ке сенсек), өз мәртебелерін осы күнге дейін сақтап қалған[2].
The Rolling Stones тобының музыкалық стилі Роберт Джонсон, Чак Берри, Бо Диддли және Мадди Уотерс сияқты тұлғалардың ықпалымен қалыптасып, уақыт өте келе индивидуалдық ерекшеліктерге ие бола бастаған; нәтижесінде Джаггер-Ричардстың авторлық дуэті әлемдік мойындауға ие болды.
Топ Ұлыбританияда жиырма екі студиялық және сегіз концерттік альбомын (АҚШ-та, сәйкесінше, 24 және 9) шығарды. Ал топтың 22 синглы UK Single Chart тізімінің алғашқы ондығында болған, ал олардың сегізі хит-шерудің алғашқы қатарына шыққан[3]; Rolling Stones Billboard Hot 100 тиісті көрсеткіштері — 28 и 8[4].
Rolling Stones альбомдарының бүкіл әлемдік таралымы 250 миллионнан асқан[5][6][7], олардың 200 миллионы АҚШ-та сатылған екен[8]; бұл көрсеткіш бойынша, топ - әлемдегі ең табыстылардың бірі. 1989 жылы Rolling Stones Рок-н-ролл даңқ залына қосылған, ал 2004 жылы топ Rolling Stone журналы бойынша әлемнің барлық уақыттағы үздік 100 орындаушысы тізіміне кірген.
Мик Джаггер мен Кит Ричардс алғаш рет Дартфорд бастауыш мектебінде танысқан. Содан соң, жеті жылдай олар араласпаған, кейін Кит 1961 жылы Дартфорд теміржол вокзалында қолына бірнеше ритм-энд-блюз жазылған грампластинка ұстаған Микті кездейсоқ кездестірген екен.
Әңгіме барысында, олар екеуі де (рок-н-роллға қызығатын өзінің өзге қатарластарына қарағанда) блюз және ритм-энд-блюзбен қызығатындығы, екеуінің де Sidcup Art School суретшілер мектебінде оқитын Мик Тейлор деген ортақ таныстары бар екендігі анықталады[2]. Кейін үшеуі бірігіп топ құруды және ол топты Little Boy Blue and the Blue Boys деп атауды шешіп, репертуаларында Чак Берри мен Бо Диддлидің бірнеше әнін айта бастайды.
Брайан Джонс Челтенхемде туып, өседі. Өзінің көп қатарластарына ұқсап, ол да скиффлмен, кейінірек традпен ("дәстүрлі джаз") қызығады. Джонс Чарли Паркердің жазғандарының ықпалымен саксафон мен кларнетте ойнауды үйренеді, уақыт өте гитараны да үйреніп алып, жергілікті Trand Band, Dixielanders пен Delta Jazzmen топтармен қосылып, өнер көрсете бастайды. 1959 жылы Брайанның 16 жастағы дос қызы жүкті болып қалып, кейінгі айқай-шудан соң мектебін тастап, Скандинавияға заңсыз қашып кетуіне тура келеді, ол жақта жазы бойы гитарада ойнап ақша таба бастайды[9]. Үйіне қайтып келген соң, Брайан блюзге қызығады, бірақ өзіне пікірлестер іздеп, Лондонға көп баруына тура келеді. Ал 1962 жылы ол Пол Пондпен (кейінірек ол Manfred Mann тобында Пол Джонс есімімен жүреді) танысады және оның Odin's Big Secret тобына қосылады.
Біраз уақыт өткен соң, британдық блюздің негізгі насихатшысы Алексис Корнер өзінің Blues Incorporated (топтың барабаншысы Чарли Уоттс еді) тобымен "Ealing" клубында өнер көрсетуін жиілетеді. Брайан Джонс Алексис Корнермен танысып, оның тобына сессиялық музыкант ретінде қосылып, әр демалыс сайын слайд-гитарада Элмо Льюис есімімен ойнай бастайды.
1962 жылдың сәуірінде Микк Джаггер мен Кит Ричардс "Ealing" клубында болып, ондағы Брайан Джонстың оларға өте қатты әсер еткен орындауын көреді де концерттен соң онымен танысады. "Илингтің" күнде қонағына айналған олар, кейінірек Алексис Корнермен да танысып, оған өздерінің әуесқой әуен-жазбаларын тыңдауға береді. Біраз уақыт өткен соң, Blues Incorporated тобы "Marque Clubта" да ән айта бастайды. Бұл клубта олардың қатарында алғашында Мик Джаггер вокалист ретінде, кейін Кит Ричардс гитарист ретінде көріне бастайды.
Брайан Джонс сол уақыттың өзінде өзінің ритм-энд-блюз тобын жасақтау үшін шешім қабылдағандығы туралы "Jazz News" газетіне хабарландыру береді. Хабарландыруға бірінші болып пианист Иэн Стюарт құлақ түреді. Кейін олар Брайан Джонс екеуі дайындыққа кірісіп кетеді. Маусым айында Мик пен Кит су жаңа топтың дайындықтарының бірінде болады, содан кейін ол екеуінің де осы топтың құрамында ойнайтындығы шешіледі.
1962 жылы 12 шілдеде Blues Incorporated BBC арнасында өнер көрсетуге шақыру алады. Ал, сол уақытта топ "Marque" клубында да өнер көрсетуі керек болғандықтан, Корнер Брайанға, Микке, Китке, Иэн мен Дикке клуб сахнасына жеке шығуы туралы ұсыныс айтылады. Дәл сол концертте топ (құрамында барабаншы Мик Айвори де бар еді) алғаш рет өздерін Мадди Уотерстың 1950-жылғы бір әнімен атап, Rolling Stones болып өнер көрсетеді[9].
1962 жылдың тамызында Дик Тейлор топтан кетеді, оның орнына The Cliffons тобындағы Билл Уаймен келеді, ал Айворидің орнына (ол кейінірек The Kinks-ке қосылады) Тони Чепмен шақырылады, бірақ көп ұзамай, оның орнына ол уақытта жарнамалық агенттікте қызмет ететін Чарли Уоттс келеді[9].
1963 жылдың басында топтың құрамы тұрақталып, 8 айға жуық "Crawdaddy" клубында "орнығады". Ол жерде олар өздеріне Эндрю Луг Олдхэмнің назарын аударады, ол, өз кезегінде, Stones тобын клубтың менеджері Джорджио Гомелескиден "сатып алып", өзінің қоластындағыларының, "таза" The Beatles тобына қарсы, "кір" имиджін қалыптастыра бастайды. Бір нұсқа бойынша, оның ұйытқы болуымен Стюарт, өзінің сыртқы келбеті өзге топ мүшелерімен үйлеспегендігі үшін, топтан шеттетілген екен. Басқа нұсқа бойынша, Олдхэм топтың құрамы әдепкі рок-топ үшін тым көп деп есептеген көрінеді. Бірақ, пианист топпен байланысын ешқашан үзген емес: сахнаның басты жұмыскерлерінің біріне айналып, өзі қайтыс болған 1985 жылға дейін топпен бірге концерттерді бірге өткізген[9].
The Rolling Stones Decca Records студиясымен келісімге қол жеткізген соң, маусым айында Британияда 21-ші орынға дейін көтерілген, өздерінің дебюттік "Come On" (Чак Берридің композициясын) синглын шығарады.[10].
Содан кейін "I Wanna Be Your Man" (Леннон-Маккартни композициясы) мен "Not Fade Away" (Бадди Холли, Британияда 3-ші орын[10] мен американдық ТОП-50 ілінеді). Бұл уақытта The Rolling Stones өз елдерінде скандалды танымал жұлдыздарға айналып үлгерген-ді: Олдэмнің "кір" имиджге қойған басымдығы өзін ақтап шықты. Өздерінің дебюттік альбомдарын (Британияда альбом The Rolling Stones деп аталса, АҚШ-та - "England's Newest Hit Makers The Rolling Stones") шығарған соң, топ алғашқы американдық гастрольдік сапарында "Five by Five" EP жасап шығады. Өздерінің гастрольдік сапарларының соңына қарай, оларда алғашқы британдық чартоппер бар еді: "Little Red Rooster", Хаулин Вулфтың композициясы.
Дебюттік "The Rolling Stones" альбомы шыққан соң, Ұлыбританияда нағыз истерия басталды, концерттердің соңы қырғын төбелеске айналып отырды. Ағылшын рок-н-ролл тарихындағы ең шулы концерттердің бірі - осы топтың Winter Gardens Blackpool залындағы көрсетілімі. Қойылым барысында ашулы фанаттар шамдарды қиратып, "Стейнвей" роялін сындырып, концерт орнын нағыз қоқыс алаңына айналдырады, нәтижесінде жүзге жақын адам өз жарақаттарын ауруханада емдетуіне тура келеді. Музыканттардың сахнада пайда болуының алғашқы минуттарынан бастап, көрермен арасындағы эмоционалдық жағдай қиындап кеткендігі соншалық, концертті біраз үзе тұруға мәжбүр болған екен.
Осыдан кейін Олдэм топтың тек қана өз композицияларын жазып, орындауларын талап ете бастайды. 1964 жылы маусымда "Tell Me (You're Coming Back)" синглы американдық ТОП-40 қатарына кіріп, Джаггер-Ричардс жұбының хиттер сериясын бастап берді. Авторлық дуэттің мәртебесін "(I Can Get No) Satisfaction" (1965 жылдың жазы) супержұлдыздық деңгейге шығарды. Кейін классикалық деп танылған гитаралық рифф (басында, үрмелі секцияның дыбысталуын қайталаған) Rolling Stones тобының дәстүрлі блюз тамырларынан әлдеқайда алшақтап, өз даму жолына түскенінің дәлелі болса керек[9]. Аталған сингл американдық "тізімдерде" 4 аптадан астам уақыт бойы алғашқы қатарда тұрды; одан кейін "ондыққа" ілінген "Get Off My Cloud", "19th Nervous Breakdown", "As Tears Go By", "Have You Seen Your Mother, Baby, Standing in the Shadow?" ілесіп отырды[11].
1966 жылы The Rolling Stones өздерінің психоделияға экскурс жасауы арқылы The Beatles таңдаған радикалды даму жолына қарсы тұруға тырысты: топтың еш кавер-версиясыз жазған алғашқы альбомы Aftermath болды. Ол уақытта Брайан Джонс музыкалық бағыттардың әр түріне қызығып жүрген кезі болатын, және сол қызығушылықтың нәтижесі "Paint It Black" (ситар бұл жерде солист-аспапқа айналды) немесе "Going Home" секілді туындыларда көріне бастады.
Эклектикалық тенденциялар "Between The Buttons" (1967) сияқтыларда тіптен гүлдене түсті; сонымен бірге, бұл жерде топтың музыкалық дыбысталуы жеңілдей түсті, аранжировка - әсерлене бастады. Ал топтың поп-мейнстимге ілініп кетуіне екі ірі скандал кедергі жасады. Бірінші Джаггерге "Let's Spend the Night Together" өлеңін барынша түсініксіздеу орындауына тура келді, (олай болмаған жағдайда, топты BBC-де тыйым салу қауіп туды)[9], сосын Джаггер мен Ричардс нашамен тұтқындалды; ал 3 ай өткен соң, Джонс та осындау оқиғаға тап болды. Үшеуі де шартты мерзім алса да, топ қоғамдық назардан кішкене алыстай тұруға мәжбүр болады, сондықтан "67-жылдың махаббат жазында" олар демалып жатты.
Джаггер өзінің құрбысы Марианна Фейтфулмен The Beatles тобының қатысушылары ұйымдастырған Үндістан сапарына қатысып, Махаришиге барады, содан кейін екеуі битлдардың халықаралық "All You Need Is Love" трансляциясында көрінеді. Осыдан The Rolling Stones тобының кейінгі "Dandelion"/"We Love You" синглдары поп-психоделиялық сипатта болғанынан таңданудың қажеті жоқ шығар. Эксперименттердің одан да радикалды формалары "Their Satanic Majesties Request" альбомында біліне бастады, бұл альбом "Sgt. Peppers"-ке жауап ретінде жазылған сияқты.
Топтың шығармашылығында психоделиялық кезең көпке созылмады. 1968 жылдың басында топ Эндрю Луг Олдэммен қоштасып, орнына Ален Клейнді шақырды, дәл сол уақытта өздерінің (жаңа техникалық деңгейдегі) тікелей рок-н-роллдық мотивтеріне қайтып оралды. Кейт Ричардс ашық баптауды қолдана бастады, соның арқасында топтың дыбысталуы тұйық әрі ауырлана түсті, бұл өзгерістің куәсі ретінде "Jumpin' Jack Flash" (#3, U.K. 168 жылдың мамыры) синглын атауға болады[9].
"Beggars Banquet" альбомы күзде шықты (бұған дейін бес айға созылған, альбомның мұқабасына қатысты скандал болды), - шыға салысымен музыкалық баспасөз альбомды шедевр деп бағалады. Бірақ, топтың дамуындағы жаңа дәуірдің тууы туралы айтқыза бастаған еңбек Брайан Джонстың жеке шығармашылық өмірінде финалдық болатынын ешкім білмеген болса керек, ол өзінің нашаға тәуелділігінен жұмыс барысынан тіптен алыстап кетті. 1969 жылы 9 маусымда гитарист топ құрамынан шықты, ал 3 шілдеде өз бассейнінде өлі күйінде табылды. Ресми түрде, өлімнің себебі кездейсоқ жағдай деп айтылды, бірақ бұл инциденттің төңірегіндегі алып-қашпа сөздер көп жылдарға созылды. Ол уақытта топта John Mayall's Bluesbreakers тобындағы жаңа Мик Тейлер есімді гитарист ойнап жүрді. Бірақ, ол топтың жаңа сингл-чарттопперы, Джонсты көмгеннен кейін бірнеше күннен кейін шыққан "Honky Tonk Women" жазылымына қатыспады, сосын алдыңғы жұмыстардағы дыбысталудың "тұйықталуы" мен оны ертедегі блюздің тұйық формасына жақындату линиясын жалғастырып, "Let It Bleed" альбомында бірнеше партия ғана ойнады.
[1969 жыл]]ы Мик Джаггер өзінің Австралиядағы "Нед Келли" фильмінде түсуді аяқтаған соң, топ американдық гастрольге (соңғы үш жылда алғаш рет) аттанып кетеді, ол гастроль барысында топты "World's Greatest Rock & Roll Band" деп жарнамалай бастайды. Алтамонттағы концертте қаранәсілді фанаттың өлімінен кейін, рок-топ шығармашылықтан кішкене алшақтап, "Sympathy for the Devil" әнін орындауды доғарады. Сол уақыттағы газеттердің жазуынша, бұл ән төбелеске шақырады екен. 1970 жылдың жазында топтың Decca/London үшін жазған "Get Yer Ya-Ya's Out!" альбомы жарық көрді. Содан кейін олар жеке Rolling Stone Records лейблын жасақтады, ол лейбл Atlantic Records "қанатының астында" жұмыс істей бастады.
1970 жылы Джаггер Николас Роугтың культтік "Performance" ("Қойылым") фильміне түсіп, никарагуалық Бьянке (толық аты: ис. Bianca Pérez-Mora Macías) есімді модельге үйленеді. Бұл Ричардске белгілі бір уақытқа топтың көшбасшысына айналуына мүмкіндік берді: дәл соның музыкалық идеялары "Sticky Fingers" альбомының негізіне айналды[9]. Кезекті пластинкаларының шығуынан кейін, рок-топ салық төлеуден біраз жалтарып, Францияға көшіп алады, ол жақта "Exile on Main St." жазылады, мамандардың айтуынша, осы туынды олардың шығармашылық дамуының шыңы болып табылады екен. Одан кейін дағдарыс басталады: Джаггер жарыққа көп шығып, өзінің жаңа образына қызыға бастайды, Ричардс нашаға тәуелділік иіріміне тереңдей береді. Бірақ, бұның өзі "Goats Head Soup" альбомына мегахитке айналуға кедергі келтірмеді, дегенмен бұл альбомның басты хиті - жартылай акустикалық "Angie" балладасын (UK Charts-та 5-орын) топтың ертедегі фанаттары кішкене салқындау қабылдады. [12]
1972 жылы топ америкалық турнеге аттанады. Олардың концертінің аралығында Стиви Уандер өнер көрсетеді, ол уақытта ол бірінші дәрежелі жұлдыз болып есептелінсе де, көпшілік аудитория оны Rolling Stones турында кеңірек тани бастады. Музыканттар сол гастрольдерін құжаттап қоюға шешім қабылдайды, ол турне олардың ойынша топ тарихындағы ерекше оқиға болған көрінеді. Ол үшін Роберт Франк есімді фотограф, режиссер арнайы шақырылады, ол өзінің "Американдықтар" (1958) фотоальбомымен және американдық битниктер туралы "Қалампырмен бал аш" (ағылш. Pull My Daisy, 1959) атты деректі фильмімен танымал еді. Нәтижесі ретінде Cocksucker Blues (топтың гомосексуалист-жезөкше атынан жазылған бейәдеп әнінің атауына орай) деректі фильмі пайда болады, фильм cinema verite эстетикасында түсіріліп, музыканттарды және олардың әйелдері мен құрбыларын гастрольдің әр сәтінде іліп отырған. Фильмде эротикалық оргиялар мен музыканттар арасындағы кикілжіңдер, сондай-ақ нашаны пайдаланған бірнеше кадр де бар. Монтаждалған фильмнің алғаш рет көрген Мик Джаггер нәтижені жоғары бағалайды, бірақ фильмді тарату және көбейтуге тыйым салынады. Бүгінде оның экрандық нұсқаларын торрент-трекерлерде не DVD табуға болады, неше түрлі бутлегтер шығып тұрғанына қарамастан, Cocksucker Blues ешқашан заңды түрде жарияланбаған.
"It's Only Rock 'n' Roll" шыққаннан кейін Тейлор топ құрамын тастап кетеді, ал оның орнына рок-топ өзінің кезекті альбомымен "Black and Blue" (1976) жұмыс істеу барысында іздестіре бастайды. Көптеген претенденттерді тыңдап шығып (олардың ішінде Джефф Бек, Питер Фрэмптон мен Рори Галахер бар еді), Rolling Stones өзінің таңдауын Кит Ричардстың досы Рон Вудқа, "It's Only Rock 'n' Roll" әнін жазуға қатысқан The Faces тобының гитаристі Род Стюартқа тоқтатады.
1977 жылы Кейт Ричардс пен Анита Палленберг Канадада героин сақтағаны үшін тұтқындалады: нәтижесінде сот ісі болып, гитарист бір жыл шартты жазаға кесіледі. 1978 жылы (Ричардс өзінің реабилитациялық курсын аяқтаған соң) топтың басы қосылып, жазба жұмыстарына кіріседі, нәтижесінде "Some Girls" (бұл альбомда панктің де, дисконың да ықпалы сезіледі) дүниеге келеді. Альбом да, ондағы "Miss You" синглы да АҚШ-тағы тізімдердің шыңына шығады. "Emotional Rescue" (1980) сыншылар тарапынан қалыпты қабылданғанымен, "Tattoo You" (1981) топтың бұрынғы формасына оралуын көрсете бастады және "Биллборд" тізімінде 9 апта бойы бірінші болып тұрды. Осы әнімен топ әлемдік турнеге аттанып кетті, ол Хэл Эшбидің "Let's Spend the Night Together" деректі фильмінде және "Still Life" альбомымен құжатталды.
Осы уақытта Джаггер-Ричардстың монолитті шығармашылық одағында келіспеушіліктер көбейе бастады. Джаггер топтың соңғы бағыттарды ескеріп, тынымсыз дамуы керек деп есептесе, екіншісі, The Rolling Stones "тамыры бар" топ ретінде қалуы керек деп есептеген көрінеді[9]. Келіспеушілік келесі студиялық жұмыстардың сапасына әсер етпей қоймады: "Undercover" және (әсіресе) "Dirty Work" альбомдарын музыкалық сыншылар сәтсіз деп бағалады. Дәл осы уақытта, Джаггер мен Ричардс белсенді солистік қызметтеріне кірісіп кеткен еді. Ричардстың "Talk Is Cheap" альбомын көп адамдар Rolling Stones тобының 1982 жылдан бергі топтық не жеке солистік шығармашылығында ең мықтысы деп жатты.
"Steel Wheels" альбомы баспасөзде жақсы бағаланғанымен, кейінгі кассаға 140 миллион доллар түсірген әлемдік турненің көлеңкесінде қалып қойды. 1991 жылғы концерттік "Flashpoint" альбомының (гастроль барысында жазылған) шығарылымынан кейін Билл Уаймен құрамды тастап кетеді, біраз уақыт өткен соң, ол биографиялық "Stone Alone" кітабын жариялайды. Тек 1994 жылы ғана топ оның тұрақты орнын басатын Деррил Джонсты табады, ол өзінің Майлс Дэвилспен және Ситнгпен серіктестігі арқылы танымал еді.
Жаңа құрамда (Дон Уоздың продюсерлігімен) Rolling Stones оларға алғашқы "Грэмми" сыйлығын (үздік рок-альбом) алып берген "Voodoo Lounge" альбомын жазады. 1994-95 жылдары The Rolling Stones гастрольдік турдан пайда табудың абсолютті рекордын орнатады. Voodoo Lounge - барлық уақыттағы ең табысты турнеге айналады. Команда 28 жоспарланған шоудың орнына 62-сін ойнап, 400 миллионнан доллардан артық табыс табады.
Гастрольден кейін Rolling Stones 1995 жылдың күзінде акустикалық "Stripped" альбомын жарыққа шығарады. Екі жыл өткен соң, "Bridges to Babylon" студиялық альбомы және артынша болған турне барысында топ өзінің рекордын өзі жаңартып, 500 миллион доллар жасайды. Одан кейін тағы бір концерттік "No Security" дискін шығарады.
2002 жылы көп жарнамаланған greatest-hits тур жасап, fртынан концерттік "Live Licks" (2004) және студиялық "A Bigger Bang" жалғасады.
2010 жылы "Exile On Main St." альбомының ремастерленген қайта басылымы шығады; бұл басылымдағы екінші дискте топтың ең үздік 1969 жылдан 1972 жыл аралығында жазылған, бірақ "сөреде" қалып қойған туындылары жинақталған еді. Мик Джаггердің белсенді араласуымен топтың 1970-жылдардың басындағы шығармашылығы және өмірі туралы деректі фильм түсіріледі. 2010 жылдың 23 мамырында қайта басылған "Exile On Main St." британдық хит-шерулерде өзінің оригинал нұсқасында бірінші позицияға шыққан еңбегін 38 жылдан кейін қайталап, көшбасшы атанады[13]. В АҚШ альбом поднялся до #2. CD-версия, куда вошли десять треков, была выпущена на Target Records как Exile On Main St. (Rarities Edition); она поднялась в списках «Биллборда» до #27[14].
The Rolling Stones тобының ықпалын рок-музыканың қалыптасуы мен дамуында асыра бағалау мүмкін емес - ол тек музыкалық мағынада емес, сондай-ақ көркем-суретшілік, имидждік және масс-медиалық мағынада да. Топ әлі күнге дейін абсолютті оригинал дыбысқа ие және алғашқы аккордтардан-ақ танымал болып келеді. Басында, ақылға сыймсыз болып естілген кейбір туындылар, олардың кейбірі алғаш тыңдағанда дыбыстық хаосты елестетуі мүмкін, бірақ кейінгі қайта тыңдау барысында толыққанды биік өнерінің артефакты ретінде көріне бастайды.
Rolling Stoones тобының көптеген альбомдары, олардың ішінде: "Beggars Banquet", "Let It Bleed", "Sticky Fingers", "Exile On Main Street", "Some Girls", "Tatoo You", "Steel Wheels" өз жанрының классикасы деп танылған. Аталған альбомдардың алғашқы төртеуінсіз бірде-бір музыкалық басылымдардағы соңғы 30 жылдық қорытынды рок-н-ролл туындылардың шеруін елестету мүмкін емес. "Satisfaction" әні Rolling Stones тобының және 1960-жылдардағы ритм-энд-блюз халықаралық танымал символына айналды. Бұл әнсіз топтың бірде-бір концерті болмайды.
Олардың шығармашылығы жаңа музыкалық бағыттар мен сәнге иілу жағынан өте беймтал келеді, бірақ соған қарамастан, олардың стилі көп өзгеріске ұшырамаған және авторлық қолтаңбаны бірден тануға болады. Олар ақылға қонымсыз реңктер мен эмоцияларға байытып, ритм мен музыкалық трюктер жасап отыратын өз шабытын дәстүрлі блюзден алады. "Роллингтердің" интерпретациясындағы хиттер мен әндердің, олардың жанрлық ерекшеліктерінің қатары өте қомақты көлемді құрайды, сондай-ақ олармен серіктесіп қызмет ететін суреткерлік, киноматографиялық, музыкалық, саяси, масс-медиялық және жалпы богемдік жұлдыздар санында да шек жоқ. Бірақ, енді The Rolling Stones - XX ғасырдың ажырамас бөлігі және асықпай XXІ ғасырға аяқ артып барады.
Rolling Stone журналының нұсқасы бойынша топтың ең танымал әндері болып табылатындар:[19]
The Rolling Stones тобының алғашқы альбомдары Англия мен АҚШ-та әртүрлі треклисттермен шығарылған.
1992 жылдан бүгінге дейін
1975-тен 1992-ке дейін
1969-дан 1974-ке дейін
1963-тен 1968-ге дейін
Топ құрамының хронологиясы:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.