Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кларнет (нем. klarіnette, фр. clarіnette, лат. clarus – ашық) – көп тілді үрмелі музыкалық аспап. Кларнет гренадиль немесе эбен (қара) ағашынан және пластмассадан (эбонит, т.б.) жасалады. Ол сыбызғының негізінде 17 ғасырдың аяғында пайда болды, ал оның жетілдіруі – ойықтарының санын көбейту, тіл механизмінің құрылымын жақсарту, т.б. әлі күнге дейін жалғасуда. Ұзындығы 590 – 680 мм, оның шамамен 20 тілі, 7 ойығы болады. Қазіргі оркестрлерде, негізінен, си-бемоль, ля бұрауындағы Кларнеттер пайдаланылады. Кларнеттің диапазоны кіші октаваның ми нотасынан 3-октаваның до нотасына дейін болады. Кларнет жеке орындаудағы және ансамбльдік аспап ретінде қолданылады, симфониялық және үрмелі аспаптар оркестрлерінің құрамына кіреді. Кларнеттің бірнеше түрлері бар (кіші Кларнет, альт немесе тенор-бассетгорн Кларнет, бас Кларнет, контрабас Кларнет). Қазақ ұлттық консерваториясында және музыкалық колледждер мен мектептерде Кларнет класы жұмыс істейді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.