From Wikipedia, the free encyclopedia
II Баязит (осман. بايزيد ثانى — Bâyezîd-i sânî; 3 желтоқсан 1447 — 26 мамыр 1512) — Османлы мемлекетінің 8-ші сұлтаны. Ең бейбітшіл әрі діншіл сұлтандардың бірі.
II Баязит осман. بايزيد ثانى — Bâyezîd-i sânî | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
19 мамыр 1481 — 25 сәуір 1512 | |||
(Лақап аты Әулие II Баязит) | |||
Ізашары | II Мехмет | ||
Ізбасары | I Сәлім | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 3 желтоқсан 1447 Дидимотика, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 26 маусым 1512 (64 жас) Биікшекмеже, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | Баязит мешіті, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | II Мехмет | ||
Анасы | Ситти Мүкриме қатын | ||
Жұбайы | Нигяр қатын Шырын қатын Гүлрух қатын Бұлбұл қатын Хүснүшаһ қатын Гүлбаһар қатын Фарахшат қатын Айша қатын | ||
Балалары | Ұлдары: Ахмет шаһзада Қорқыт шаһзада I Сәлім Махмұт шаһзада Мехмет шаһзада Әлемшаһ шаһзада Әбдулла шаһзада Шаһиншаһ шаһзада Қыздары: Гауһармүлік сұлтан Салжұқ сұлтан Қадиша сұлтан Айша сұлтан Хүнди сұлтан Айнишаһ сұлтан Фатима сұлтан Хүма сұлтан Камер сұлтан Мелиха сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
II Баязит Ортаққорда | |||
өңдеу |
Бұл сұлтанның тұсында жер ауданы ұлғайса да (511 000 км²-ден 2 375 000 км²-ге дейін), өзі ешқашан да жорыққа шықпаған, көбінесе өз уақытын Алла Тағалаға ғибадат етумен өткізетін, сондықтан Әулие Баязит деген лақап атқа ие болды. Ашық жорықтарға шықпаған әскер күшейіп, көбейе бастады, ал соғыссыз ғұмыр кешкен бейбіт тұрғындар өз дамуын жалғастырды.
II Баязит 1447 жылы Дидимотикада Константинополь жаулаушысы II Мехметтің шаңырағында дүниеге келді.
1481 жылы II Мехметтің қайтыс болған соң османлы тағына отырды. Тақты сақтап қалу үшін ол өзінің туған інісі Жем шаһзадаға соғыс ашуға тура келді. 1482 жылы сұлтан Жем шаһзаданы талқандады. Жем Еуропаға қашып, сол жақта II Баязитке қарсы жақтаушыларды іздеді. Алайда 1495 жылы II Баязиттің бұйрығымен Жем шаһзада Римде уландырылды.
Сұлтан Венецияға қарсы соғысуға мәжбүр болды, себебі венециялықтар османлылардың Далмация мен эгейлік жерлерін жаулауға ниеттенген. 1499-1503 жылдары болған османлы-венеция соғысы нәтижесінде II Баязит Венецияның жаяу және теңіз әскерлерін жеңіп, Мореяны толықтай жаулап алды.
1501 жылы II Баязит Қара теңіздің шығыс жағалауын жаулап, осы теңізде толықтай билік орнатты.
Шығыста II Баязит Сириямен, мәмлүктермен және сефевидтермен соғыс жүргізсе де, ол ешқашан ашық соғысқа жеткізген жоқ. Соның арқасында Османлы мемлекеті дамып, әскері күшейді. Бұл жайт II Баязиттің баласы әрі ізбасары I Сәлімге өте тиімді болды. Ол күшейген әскерді мәмлүктермен және сефевидтермен болған соғыста пайдаланып, османлылардың билігін Таяу Шығыста күшейтті.
№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
20 | Ысқақ паша | 19 мамыр 1481 — 1482 | 1 жыл |
21 | Қожа Дәуіт паша | 1482 — 1497 | 15 жыл |
22 | Херсеклі Ахмет паша | 1497 — 1498 | 1 жыл |
23 | Шандарлы Ибраһим паша | 1498 — 1499 | 1 жыл |
24 | Мәсіх паша | 1499 — 1501 | 2 жыл |
25 | Хадым Әли паша | 1501 — 1503 | 2 жыл |
26 | Херсеклі Ахмет паша | 1503 — 1506 | 3 жыл |
27 | Хадым Әли паша | 1506 — 1511 | 5 жыл |
28 | Херсеклі Ахмет паша | 1511 — 1511 | ? |
29 | Қожа Мұстафа паша | 1511 — 1512 | 1 жыл |
30 | Херсеклі Ахмет паша | 1512 — 25 сәуір 1512 | ? |
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары II Мехмет |
II Баязит 19 мамыр 1481 — 25 сәуір 1512 |
Ізбасары I Сәлім |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.