From Wikipedia, the free encyclopedia
Ибраһим (осман. ابراهيم — İbrâhîm; 5 қараша 1615 — 12 тамыз 1648) — Османлы мемлекетінің 18-ші сұлтаны, Ислам халифатының 83-ші халифі.
Ибраһим осман. ابراهيم — İbrâhîm Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
9 ақпан 1640 — 8 тамыз 1648 | |||
(Лақап аты Ашушаң Ибраһим) | |||
Регент | Көсем сұлтан (9 ақпан 1640 — желтоқсан 1647) | ||
Ізашары | IV Мұрат | ||
Ізбасары | IV Мехмет | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 5 қараша 1615 Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 12 тамыз 1648 (32 жас) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | I Мұстафа мазары, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | I Ахмет | ||
Анасы | Көсем сұлтан | ||
Жұбайы | Тұрхан Қадиша сұлтан Салиха Дилашуб сұлтан Қадиша Муаззез сұлтан Хүмашаһ сұлтан Айша сұлтан Сашбақты сұлтан Махиәнуар сұлтан Шиуекяр сұлтан Зафира сұлтан | ||
Балалары | Ұлдары: IV Мехмет II Сүлеймен II Ахмет Мұрат шаһзада Сәлім шаһзада Осман шаһзада Баязит шаһзада Жиһангир шаһзада Орхан шаһзада Қыздары: Үммігүлсім сұлтан Фатима сұлтан Пейкан сұлтан Гауһархан сұлтан Қая сұлтан Бейхан сұлтан Әтике сұлтан Айша сұлтан Бижан сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Ибраһим сұлтанатында османлылар Крит аралын жаулап алды, бірақ одан маңыздырақ жаулауларға қол жеткізе алмады. Сұлтан телі болды, және билік анасының қолында болды. Көсем сұлтанның мемлекеттік істерде дұрыс шешімдер қабылдауына қарамастан, османлыларға сол кезде әскери қуат керек болды. Сонымен қатар османлыларға ғибрат бола алатын қуатты билеуші қажет еді. Бірақ қыз қуып жүрген Ибраһим әскердің лайықты қолбасшысы да, мемлекеттің қуатты билеушісі де бола алмады.
Ибраһим 1615 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Ахмет пен Көсем сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. Ибраһим сұлтандық отбасысындағы ең кіші бала болатын. Шаһзада телі адам болған және таққа ешқандай қауіп төндірген жоқ. Сондықтан оның ағалары II Осман мен IV Мұрат елде билік құрғанда, өлім жазасына кесілмеді. Ағасы IV Мұрат османлы әулетіндегі ең соңғы сұлтан болуға ниеттенді, сол себепті өз ажалы келген кезде інісі Ибраһимді өлім жазасына кесуді бұйырды. Алайда соңғы кезде анасы Көсем сұлтан баскесерлерге кедергі болып, кіші баласы Ибраһимді ажалдан құтқарды. Ал IV Мұрат қалтырау ауруынан қайтыс болды. Османлы сұлтандығының келесі сұлтаны болып Ибраһим жарияланды.
Ибраһим телі болғандықтан, мемлекеттік істермен айналыса алмады. Сондықтан оның анасы Көсем сұлтан регент болып тағайындалды. Райкот атты мәмілегер жаңа сұлтанның келбетін былай сипаттады:
Ибраһим болмысынан жуас әрі байпаң адам болған. Кең маңдайлы, тез әрі өткір көзді, үйлесімді әлпетті беті албыраған; алайда оның бет әлпетінен ұлы ой зеректілігі көрінбеген. |
Ибраһим билік құрғаннан кейін Османлы флотының Азау қоршауы әсерінен казактар сол қаланы қираған қалпында қалдырып кетті. Ал Михаил Федорович Ибраһимге елші жіберіп, османлылар мен орыстардың достық қарым-қатынасына қайтып келуін ұсынды.
Бірақ Ибраһим мемлекеттік істермен айналыспай, көбінесе өз уақытын гаремде өткізді. Сұлтанда тоғыз әйел және мыңдаған күңдер болатын. Соның ең беделдісі Тұрхан Қадиша сұлтан. Ол келешекте Аңшы Мехметтің уәлиде сұлтаны болады, және сұлтан билеген жылдарының басында онын регенті болады.
1641 жылдың қысында Ибраһим сырқаттып қалды. Сол кезде онын бір де баласы болған емес. Ал Көсем сұлтан бастаған османлы билігі жеміссіздігіне қапаланды. Алайда Ибраһим тез сауығып, өз жеміссіздігі жайлы өсекті жойды. Себебі, 1642 жылдың 2 қаңтарында сұлтанда Мехмет атты алғашқы бала туды. Келешекте бұл бала османлы сұлтаны IV Мехмет болады. 1640-1644 жылдары елді валиде Көсем сұлтан мен садрағзам Қара Мұстафа паша биледі. Алайда 1644 жылы садрағзам өлім жазасына кесіліп, келесі садрағзам болып Сұлтанзада Мехмет паша тағайындалды. Ол I Сүлеймен мен Хүррем сұлтанның неменесі болған еді. Бірақ, шын мәнісінде, бұл тағайындау сұлтанның тәлімгері Жынжы қожаның арқасында болды. Жынжы қожа Сұлтанзада Мехмет паша арқылы сұлтанның барлық істерін шешіп отырды, ал Көсем сұлтанның билігі өте қатты әлсіреді. Оның үстіне Ибраһимге Тұрхан сұлтанның ықпалы күшейді. 1644 жылы Көсем сұлтан мен Тұрхан сұлтан арасында ұрыс болғаннан кейін Ибраһим әйелін жақтап, анасын Ескі сарайға жіберді, ал өз әпкелерінің иеліктерін өз әйелдеріне сыйлады. Тіпті әпкелерін әйелдерінің кәнизактарына айналдырды.
Мехмет шаһзада туған соң, әдет бойынша, сұлтан балаға емізулі ананы белгіледі. Емізулі ана болып қара әтектердің басшысы Сүмбіл ағайдың күңі тағайындалды. Бұл күңді Сүмбіл ағай парсы күңсатарынан сатып алды. Сол кезде ағай күңді пәк деп санаған, алайда ол жүкті екені мәлім болды. Сондықтан Сүмбіл ағай күңді сарайдың бас қызметшісінің үйіне жіберіп, күң сол үйде өз баласын аман-есен туды. Сүмбіл ағайдың осы балаға деген құштарлығы сонша — оның гаремде өсуіне қол жеткізді. Ибраһим де бұл баланы өз баласынан гөрі жақсы көрді. Тұрхан сұлтан қызғаныштан бұл бала мен оның анасына қастандық жасады. Ал сұлтан өз әйелінің осындай қылығына ызаланып, өз баласы Мехмет шаһзаданы суатқа лақтырды. Қуанышқа орай, шаһзада өлген жоқ, бірақ маңдайында үлкен тыртық пайда болды.
1644 жылдың қазанында алты кемесі бар ионнит эскадрасы османлының бай кемесін тоңады. Бұл кемеде Меккенің бұрынғы қазысы, отыз шақты гарем күңдері және басқа бай қажылар болды. Серілер олжалармен бірге Критке жүзіп кетіп, оңтүстік жағалауында қорғалмаған жерде түсіп, су алды. Алайда осы жерге келген Венеция шенеунігі оларға кері қайтуды бұйырды. Серілер жүзуді жалғастырып, аралдың әртүрлі кемежайларында тоқтауға әрекет етті, алайда жергілікті шенеуніктер оларды қабыл етпеді. Ақырында, серілер османлы кемесін тастап, Мальтаға оралды. Ибраһим осы хабарды естіп, елдегі барлық христиан халықты қыруға бұйрық берді. Алайда көп ұзамай бұл ойынан бас тартты. Нәтижесінде Османия мен Венеция арасында Кандия соғысы басталды. Венеция флоты Османлы флотын Шанаққала бұғазында бөгеп отырды, ал османлылар адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған Кандия қоршауын жүргізді. Бұл қоршау 1648-1669 жылдары болып, 21 жылға созылды.
№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
95 | Кеманкеш Қара Мұстафа паша | 9 ақпан 1640 — 31 қаңтар 1644 | 3 жыл 11 ай |
96 | Сұлтанзада Мехмет паша | 31 қаңтар 1644 — 17 желтоқсан 1645 | 1 жыл 11 ай |
97 | Неуесінлі Салих паша | 17 желтоқсан 1645 — 16 қыркүйек 1647 | 1 жыл 9 ай |
98 | Қара Мұса паша | 16 қыркүйек 1647 — 21 қыркүйек 1647 | 4 күн |
99 | Хезарпаре Ахмет паша | 21 қыркүйек 1647 — 8 тамыз 1648 | 11 ай |
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары IV Мұрат |
Ибраһим 9 ақпан 1640 — 8 тамыз 1648 |
Ізбасары IV Мехмет |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.