From Wikipedia, the free encyclopedia
Физикалық өріс - шексіз еркіндік дәрежесінің санына ие және физикалық шаманың кеңістікте үздіксіз таралуымен сипатталатын жүйе түріндегі материяның ерекше түрі.[1]
Өріс– еркіндік дәрежесі шексіз көп физикалық жүйе, материяның негізгі түрі. Электрлік, гравитациялық, ядролық және әлсіз әсерлесуге қатысатын нысандардың өз өрістерітері болады. Өріс – осы нысандардың әсерлесуін тасымалдайтын орта. Бір бөлшектің күш әсері екінші бөлшекке өріс арқылы біртіндеп шекті уақытта беріледі. Әсерлесу кезінде өріс бірінші бөлшектің энергиясы мен импульсының бір бөлігін екінші бөлшекке қарай тасымалдайды. Сондықтан өріс материяның негізгі түрі болып табылады. Өріс ұғымын тұтас ортаның қасиеттерін зерттеуге де қолданады. Бұл жерде ортаның әр нүктесінің күйін анықтайтын физикалық шамалар жиынтығы (қысым, температура, тартылыс күші, т.б.) өріс болып табылады. Ал кванттық механикада әр бөлшекке оның физикалық қасиетінің кеңістікте таралуын сипаттайтын толқындық функциялар өрісі сәйкес келеді. Яғни, элементар бөлшектерді және олардың әсерлесуін сипаттауда өріс басты ұғым. Өрістерді сипаттайтын теңдеулерден бөлшектердің барлық қасиеттерін анықтауға болады. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген өріс теңдеулері сызықты, локалды және нормаланған болып келеді. Өрістердің бейсызық, локалды емес теңдеулері соңғы кездерде қарастырылып жүр. Ол сызықты теорияның негізгі принциптерін өзгертіп, қайта қарастыруды қажет етеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.