From Wikipedia, the free encyclopedia
Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы материяның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. Кейде оған назар аударылмайды.
Ежелгі қытай, үнді, грек философияларында материя дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.
Антикалық философтар материяны жеке заттарға: Фалес — суға, Анаксимен — ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалектикалық натурфилософияның негізін қалады.
Материя мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді.
Аристотель материяны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің материяны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды.
Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында материяны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және материя ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, материя дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. Материя анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. Материядан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады.
Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым — материя мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. Материя ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады.
Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша материяның маңызды қасиеттері:
Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. Материяның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: Материяның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.