From Wikipedia, the free encyclopedia
Әл-Азхар университеті (араб. جامعة الأزهر الشريف ) — әлемдегі ең ірі халықаралық исламдық ғылыми діни мекеме және әлемдегі ең көне, ең атақты Ислам университеті. Мысырдың Каир қаласында орналасқан.
Әл-Азхар университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Шынайы аты | جامعة الأزهر |
Халықаралық атауы | Al-Azhar university |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 970-972 жылдар шамасында |
Түрі | Сүннитік, Әһлу Сунна уәл Жамаға |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Каир қаласы, Мысыр |
Әкімшілік | |
Негізгі көрсеткіштер | |
Сайты | www.azhar.edu.eg |
өңдеу |
Мешітті Фатима әулеті заманының халифы Жауhар Ассықли әл-Муизз hиджраның 359 жылы (970 жылы) жумади айының 24-ші жұлдызында бастап, 361 жылы. (972 жылы) рамазан айының 7-ші жұлдызында бітірді. әл-Азhар атауы — “әл-Джәми әл-Азhар”, яғни күн сәулелі үлкен мешіт ұғымынан шыққан. Кейбір зерттеушілер мұны Фатиманың лақап аты —Зухрамен, зәhра — зәулім, іздиhар — орталық немесе азхар — нұрлы деген сөздермен байланыстырады. һиджраның 375 жылы мұнда медресе ұйымдастырылып, ол 11 ғасырда бүкіл мұсылман әлеміне мәшhүр университет тектес оқу орнына айналды. әл-Азхар университетіне дүниенің төрт бұрышынан талапкерлер келіп Құранды, хадистерді, мұсылман құқығын және араб тілін оқып үйренді. Әл-Азхар университеті ғимаратындағы сәулетті екі мұнараның бірі Қайтпай сұлтан заманында, екіншісі Сұлтан Ғаура кезінде hиджраның 915 жылы. (1510 жылы.) шамасында салынған. Әл-Азhар университеті ұлт-азаттық күресі жылдары батысшылдыққа, отаршылдыққа, “дінсіздікке” қарсы бағыт ұстанып (джихад, исламның таралуы мен салтанат құруы жолында барлық күш-жігерін сарқа жұмсау, ғазауат (“қасиетті соғыс”) идеясын насихаттау, қорғау орталығы болды. Қазір Әл-Азhар университетіде 9 факультет (теология немесе дін негіздері, шариғат, әдебиет, әкімшілік істері және сауда, политехника, ауыл шаруашылық медицина, педагогика, мұсылман қыздар факультеттері) бар. Университет жанында Ислам зерттеулері академиясы және басқа діни институттар мен оқу орындары жұмыс істейді.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен Египеттегі әл-Уақф министрлігінің 1993 жылғы келісімі бойынша Әл-Азhар университетіне оқуға талапкерлер жіберілетін болды. Әл-Азhар университетінде 50-ден астам қазақстандық шәкірттер оқыды (1998). Жоғарыда аталған келісім бойынша Әл-Азhар университетінен келген үш ұстаз Алматыдағы Ислам университетінде діни пәндерден сабақ береді.
Каир мен провинция орталықтарындағы арнаулы діни мекемелер де Әл-Азхар университеті құзырында. Университетті Әл-Азхар университетінің шайхы (ректор) басқарады. Ол әрі бас имам. Египет өкіметінде Әл-Азхар университеті істері жөніндегі министр тағайындалған. Университеттің орталық кітапханасында 80 мың кітап, 20 мың қолжазба сақтаулы. 1929 — 1936 жылы аралығында “Ислам нұры”, одан кейін “әл-Азхар” аталған арнайы журнал шығып тұрады.[1]
Сүнниттік, Әһлу Сунна уәл Жәмәға (Ашғари,Матуриди)
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.