Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қосағаш ауданы немесе аймақ (алт. -Кош-Агаш аймак-) Ресей Федерациясының Алтай Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалдық құрылым.
Муниципалды аудан | |||||
Қосағаш ауданы | |||||
алт. -Кош-Агаш аймак- | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Кіреді |
Алтай Республикасы | ||||
Енеді |
12 ауыл қоныстары | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Басшысы |
Қыдырбаев Серікжан Мұратқанұлы | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
49°59′47″ с. е. 88°40′30″ ш. б.49.99639° с. е. 88.67500° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты | |||||
Жер аумағы |
19845,00 км² (1 орын) | ||||
Биіктігі · Ең биік · Минималды |
| ||||
Уақыт белдеуі |
UTC+7 | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
19 188 адам (2018)(8,71 %, 2 орын) | ||||
Тығыздығы |
0,97 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы |
алтай-төлеңгіттер, қазақтар, орыстар және басқалары | ||||
Ресми тілдері |
алтай, қазақ, орыс | ||||
Телефон коды |
38842 | ||||
Пошта индекстері |
6497ХХ | ||||
Қосағаш ауданы Ортаққорда |
Әкімшілік орталығы - Қосағаш ауылы.
Республиканың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Алтай республикасының Оңдай, Ұлаған, Көксу аудандары, Ресейдің Тыва Республикасымен, сондай-ақ Моңғолия, Қытай Халық Республикасы және Қазақстанмен шектеседі.
Аймақ Қиыр Солтүстік аудандарына теңестірілген.
1922 жылы Ойрат автономды облысы құрылды, оның құрамына бастапқыда 24 болыс кірді, олардың саны көп ұзамай азайды және олардың өзі аймақтар болып өзгертілді, соның ішіне Қосағашта кірді.
1962-1963 жылдары аймақтар аудан болып өзгертіліп, олардың саны алтыға дейін қысқарды.
Қосағаш ауданында 12 ауылдық ауылдық қоныстан тұратын 16 елді мекен бар:
№ | Ауылдық қоныс | Әкімшілік орталық | Елді мекендер саны | Тұрғындары | Ауданы, км² |
---|---|---|---|---|---|
1 | Белтір ауылдық қонысы | Жаңа Белтір ауылы | 2 | 1361 | 3266,00[1] |
2 | Жазатор ауылдық қонысы | Белашу ауылы | 2 | 1339 | 6664,00[2] |
3 | Қазақ ауылдық қонысы | Жаңа ауыл ауылы | 2 | 732 | 802,00[3] |
4 | Көкөр ауылдық қонысы | Көкөр ауылы | 1 | 932 | 2228,00[4] |
5 | Қосағаш ауылдық қонысы | Қосағаш ауылы | 1 | 10 061 | 40,63[5] |
6 | Қурай ауылдық қонысы | Қурай ауылы | 2 | 1300 | 1936,00[6] |
7 | Мұқыр-Тарықата ауылдық қонысы | Мұқыр-Тарықата ауылы | 1 | 765 | 1584,00[7] |
8 | Орталық ауылдық қонысы | Орталық ауылы | 1 | 632 | 628,00[8] |
9 | Тожонты ауылдық қонысы | Тожонты ауылы | 1 | 556 | 354,00[9] |
10 | Төлеңгіт-Сарытоғай ауылдық қонысы | Төлеңгіт-Сарытоғай ауылы | 1 | 622 | 454,00[10] |
11 | Төбелер ауылдық қонысы | Төбелер ауылы | 1 | 909 | 1264,00[11] |
12 | Шағанөзен ауылдық қонысы | Шағанөзен ауылы | 1 | 407 | 631,00[12] |
Аудан елді мекендерінің тізімі | ||||
---|---|---|---|---|
№ | Елді мекен | Түрі | Тұрғындары | Муниципалды құрылым |
1 | Ақтал | ауыл | 3 | Қазақ ауылдық қонысы |
2 | Арқыт | ауыл | 62 | Жазатор ауылдық қонысы |
3 | Белтір | ауыл | 77 | Белтір ауылдық қонысы |
4 | Белашу | ауыл | 1292 | Жазатор ауылдық қонысы |
5 | Жаңа ауыл | ауыл | 796 | Қазақ ауылдық қонысы |
6 | Көкөр | ауыл | 932 | Көкөр ауылдық қонысы |
7 | Қосағаш | ауыл, әкімшілік орталық | 10 061 | Қосағаш ауылдық қонысы |
8 | Қурай | ауыл | 427 | Қурай ауылдық қонысы |
9 | Қызылтас | ауыл | 785 | Қурай ауылдық қонысы |
10 | Мұқыр-Тарықата | ауыл | 765 | Мұқыр-Тарықата ауылдық қонысы |
11 | Жаңа Белтір | ауыл | 1248 | Белтір ауылдық қонысы |
12 | Орталық | ауыл | 632 | Орталық ауылдық қонысы |
13 | Тожонты | ауыл | 556 | Тожонты ауылдық қонысы |
14 | Төлеңгіт-Сарытоғай | ауыл | 622 | Төлеңгіт-Сарытоғай ауылдық қонысы |
15 | Төбелер | ауыл | 909 | Төбелер ауылдық қонысы |
16 | Шағанөзен | ауыл | 407 | Шағанөзен ауылдық қонысы |
Экономикасының негізгі түрлері: етті мал өсіру, ешкі өсіру, қой өсіру, жылқы өсіру, бұғы мүйіз өсіру, вольфрам-молибден кенін өндіру.
2014 жылдың 4 қыркүйегінде Қосағаш ауылының маңында Ресейде алғашқы қуаттылығы 5 МВт болатын күн электр станциясы ашылды. Оны іске қосу туралы бұйрықты Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин телекөпір арқылы берді. Жаңа электр станциясы Алтай Республикасындағы алғашқы электр қуатын өндіретін қондырғы болды. Бұл 1000-нан астам үй қожалығын тұрақты электрмен қамтамасыз етеді. Оның ауданы 13 Га құрайды.
РФ ФҚҚ-нің 2006 жылғы 16 маусымдағы «Алтай Республикасы аумағындағы шекара аймағының шекаралары туралы» №282 бұйрығына сәйкес, Қосағаш ауданының бір бөлігінде шекара аймағы белгіленді. Оның құрамына Жазатор, Мұқыр-Тархаты, Төбелер, Қазақ, Тожонты, Көкөр ауылдық қоныстарының бүкіл аумағы кіреді[13]. Осылайша, бұл жерлерге бару үшін рұқсат немесе Алтай Республикасында тіркеу не болмаса шекаралас аймақта орналасқан демалыс базасына я болмаса кез-келген ұйымнан шекара аймағында орналасқан аумаққа іссапарға жолдама болу керек. Аймақтың қалған ауылдық қоныстарына еркін баруға болады.
Аудандық «Шудың нұры» газеті шығарылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.