Шудың нұры
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шудың нұры (алт. -Эре-Чуйдыҥ таҥдагы-, орыс. Чуйские зори) — Ресей, Алтай Республикасының Қосағаш ауданында шығарылатын алтай, қазақ және орыс тілдеріндегі аудандық қоғамдық-саяси газет. Газет ауданда және республикада болып жатқан оқиғаларды баяндайды. Газеттің құрылтайшылары - Қосағаш ауданының әкімшілігі мен аудандық депутаттар кеңесі.
Газет аптасына бір рет, 8 беттен шығады (оған қосымша жергілікті атқарушы органдар қаулыларының мәтіндері болады).
1979 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады. Газет шығарылатын Таулы Алтай баспаханасында қазақ жазуы болмағандықтан, алғашқыда газеттің қазақ тіліндегі нұсқасы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында басылып шығарылатын[1]. Бұл республикадағы ең танымал аудандық газет, сонымен қатар, Ресейдегі үш тілде шығатын санаулы газет.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.