Қасқалдақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Қасқалдақ (лат. Fulica atra)[3] — тырнатәрізділер отрядының сутартарлар тұқымдасына жататын құс.
Remove ads
Биологиялық сипаты

- Дене тұрқы 40 см-дей.
- Басқа құстардан ерекшелігі - маңдайында ақ тері қатпары болады (аталуы осыдан).
- Аяғы қысқа, башайларында жапырақ тәрізді тері қатпарлары бар.
- Қанаттары қысқа (19-23 см), ұшқанда суды қанаттарымен сабалап ауыр көтеріледі, ұзаққа ұша алмайды. Жақсы жүзеді, құрлыққа көп шықпайды, өте сирек сүңгиді.
- Ересек құстардың бас, мойын және құйрықасты қауырсындарының түсі қара, арқасы жылтыр қара сұр, бауыры жылтыр сұр.
- Мекиенінің салмағы 500-700 г, қоразы ірілеу, 600-900 г-дай болады.
- Қауырсыны, мамығы сұр, қара, тек маңдайы ақ, сондықтан «қасқа», «қасқалдақ» деп аталған.[4]
Remove ads
Қоректенуі

Қорегі - әр түрлі омыртқасыздар (су жәндіктері мен олардың дернәсілдері, моллюскілер) мен су өсімдіктерінің жапырақтары, жасыл сабақтары, тұқымдары, кейде майда шабақтарды да ұстайды.
Тршілік жағдайы мен көбеюуі

Қасқалдақ - жыл құсы. Наурызда ұшып келеді. Ұясын жағасы батпақты, қамыс пен өлеңшөп өскен шағын көлдер мен олардың жайылымдарына, қалың жықпылдар арасына салады. Жасыл сарғыш түсті дағы бар ақшыл түсті 5-12 (көбінесе 7-9) жұмыртқаны мекиені мен қоразы бірге 2-3 апта шайқайды. Жұмыртқадан қара мамықты балапан шығады.

Таралу аймағы мен өрісі
Европа, Азия, Солтүстік Африка, Австралияда, Сібір мен Қиыр шығыстың оңтүстігінде, Орта Азияда таралған. Қазақстанда сусыз шөлдерден басқа аймақтарда жаппай кездеседі. Қысқа қарай Каспий, Жерорта теңіздері, Алдыңғы жане Оңтүстік Азия, Солтүстік Африкаға ұшып кетеді.
Еті дәмді, күзге қарай семіреді. Қасқалдақтың саны өте көп болғандықтан, олар әуесқойлық және кәсіптік жолмен ауланатын құстардың қатарына жатады.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads