Қаршы (қала)

Өзбекстандағы қала, Қашқадыр облысының әкімшілік орталығы From Wikipedia, the free encyclopedia

Қаршы (қала)map

Қаршы (өзб. Qarshi, Қарши) — Өзбекстанның Қашқадария облысынының әкімшілік орталығы. Халық саны — 238,2 мың адам.

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Қала
Қаршы
өзб. Qarshi/Қарши
парсы: قَرشی
ThumbThumb
ThumbThumb
ThumbThumb
Әкімшілігі
Ел

 Өзбекстан

Облыс

Қашқадария облысы

Хәкімі

Нормумин Яхшиевич Холбоев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

38°52′00″N 65°48′00″E

Құрылған уақыты

б.з.б. VII ғасыры

Бұрынғы атаулары

Навтак, Нахшаб, Насаф, Бекбуди

Жер аумағы

42 км²

Орталығының биiктігі

386 м

Климаты

субтропикті континентішілік

Тұрғындары
Тұрғыны

266 000 астам адам (2019)

Ұлттық құрамы

өзбектер, тәжіктер, орыстар, татарлар және т.б.

Конфессиялар

мұсылман-суниттер, христиандар, мұсылман-шииттер

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+998 75

Пошта индекстері

180100-180120

Автомобиль коды

70

qashqadaryo.uz/oz  (өзб.)

Thumb
Қаршы
Қаршы
Close

Географиясы

Қаршы Памир-Алай тау жүйесінің батыс бөлігіндегі Қаршы алқабында, Қашқадария өзенінің бойында орналасқан.

Климаты — құрғақ, жауын-шашын мөлшері — жылына 200-400 мм.

1970 жылдары Әмудария өзенінен жерді қолдан суару каналы жүргізілген.

Қала Ташкент қаласының оңтүстік-батысынан 400 км қашықтықта орналасқан. Қаршының шығысынан 10 км қашықтықта Қаршы-Ханабад әуе-әскери базасы бар.

Тарихы

Василий Бартольдтің пікірінше моңғол ханы Кебек (13181326 жылдары) Мәуереннаһрға қоныстанған соң, оның оңтүстік бөлігінде "Қаршы" сарайын тұрғызған. Моңғол тілінде "қаршы" сөзі "сарай" мағынасын береді.

Архелогиялық қазбалар қаланың негізі 2700 жыл бұрын қаланғанын дәлелдеп отыр. Сәйкесінше қала Өзбекстандағы ең ежелгі қалалар тізімінде. Осыған қарай 2006 жылы қаланың 2700-жылдығы аталып өтілді.

Бұхара хандығы кезеңінде Қаршы қаласы бектіктің орталығы болған және ол тұрғындарының саны жөнінен Бұхара қаласынан кейін екінші орында тұрды.

1926 жылы Қаршы қала дәрежесіне көтерілді. 1926 жылдан 1937 жылға дейін қала атауы Бекбуди болған.

Экономикасы

Ауданда табиғи газ шығарылады (Шуртан кен орны), сондай-ақ мақта және дәнді дақылдар өндіріледі.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.