From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарамерген — Іле өзені бойында XII-XIII ғасырда өмір сүрген ортағасырлық солтүстік аймақтағы ірі қала. Қазіргі уақытта ол Алматы облысындағы туристтік нысан ретіндегі шағын қалашық.
Қалашықтың алаңы 10,7 гектар жерді қамтиды.[1]
Қарамерген Іле — Бақанас өзендірінің маңайында, Балқаш көліне жақын жерде орналасқан. Қарамерген Ақтамнан біршама үлкенірек. Ақтам қаласы сияқты Қарамергенде XIII ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылды. Өзеннің арнасының өзгеруі қаланы қалпына келтіруге кері әсер етті. Қирату мен эрозияға қарамастан, саман үйлердің қалдықтары мен ирригациялық жүйе жақсы сақталған. Қалада отырықшылық жақсы дамыды. Бұған қарамастан, тоғайлы ормандарда аңшылық та кең өріс алған (қаланың атауы осыдан шыққан). Бұл аймақта тіпті тұран жолбарыстары да мекендеген. Онымен қоса Іле мен Балқашта балық аулау кәсіпке айналған.
Қалашықтың өз пішіні бойынша елді мекеннің өлшемі 115 х 120 м тік бұрышты нысан,оның бұрыштары кардиналды нүктелерге бағытталған. Олардың биіктігі шамамен 3 метрге жетеді, ал бұрыштарында дөңгелек пішінді сыртқы мұнаралар бар, олардың биіктігі 4,5 метр. Оңтүстік мұнарадан шығысқа қарай шамамен 20 метр - биіктігі жарты метрлік білікпен қоршалған трапеция тәрізді құрылым. Бекіністің оңтүстік-шығыс жағынан, шамамен 0,8-1 км қашықтықта, қазіргі Ортасу өзенінің арналарының бірінен негізгі канал өтеді. Сондай-ақ, елді мекен аумағында IX-XIII ғасырларға жататын керамика қалдықтары табылды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.