Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қалқұтан – Есіл алабындағы өзен.
Қалқұтан өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 223 км |
Су алабының ауданы |
17,4 мың км² |
Су алабы | Есіл алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Ақкөл ауданындағы Новорыбинка ауылының жанындағы көл |
• Координаттары | 51°50′59″ с. е. 71°12′10″ ш. б.51.84972° с. е. 71.20278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Есіл өзені |
• Координаттары | 51°47′15″ с. е. 69°28′22″ ш. б.51.78750° с. е. 69.47278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Сандықтау және Астрахань аудандары |
Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Сандықтау және Астрахань аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 223 км, су жиналатын алабы 17,4 мың км2.
Бастауын Ақкөл ауданындағы Новорыбинка ауылының жанындағы көлден алып, Қалқұтан ауылынан төменде Есіл өзеніне оң жағынан құяды. Басты салалары: Тентек, Дамса, Талдысай, Талқара, Ащысай, Боқсық, Аршалы, т.б.
Өзеннің сол жағалаулық алабы сәл белесті көлдік-аллювийлі жазық, оң жағалауының жер бедері сай, жыралармен тілімденген. Су жиналатын алабы карбонатты қара топырақ және сор жері сортаңдау қара топырақты. Онда далаға тән өсімдіктер өседі. Өзен жайылмасында бұта аралас әр түрлі шалғын шөптесіндер өскен. Оң жағалаулық беткейлерін қайың шоқтары мен бұталар қамтыған. Жоғарғы ағысында шағын қарағай орманы кездеседі. Алабының 1/3-і жыртылған.
Аңғарының ені 0,2 – 0,8 км. Орта ағысында 0,6 – 0,8 км. Шортанкөл көліне дейінгі арнасы жаз айларында құрғап қарасуларға бөлініп қалады. Қарасуларының тереңдігі 0,5 – 0,8 м, ені 12 – 35 м. Ағын суы бар кездегі тереңдігі 1 – 2,5 м. Қар және жер асты (грунт) суымен толығады. Суы қараша айының 2-жартысында (140 – 160 күндей) қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде ериді. Төменгі ағысындағы суының минералдығы көктемде 300 – 400 мг/кг, кермектілігі 2,5 – 4,0 мг/экв (жұмсақ және қалыпты кермекті). Жазда минералдығы 800 мг/кг-ға жетіп, кермектілігі 6 – 7 күндей жоғарғы деңгейде болады. Суын ауыз суға, мал суаруға және шаруашылыққа пайдаланады. Қалқұтан бойында жалпы сыйымдылығы 18,8 млн. м3 болатын 5 бөген, жалпы сыйымдылығы 27,5 млн. м3 болатын 209 тоған салынған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.