Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы — Қазақстандағы жетекші жоғарғы оқу орындардың бірі. Бұл оқу ордасы сәулет, дизайн, құрылыс, ағаш өңдеу және тағы басқа құрылыс саласындағы мамандар дайындайды.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы | |
Университет атауы | |
---|---|
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1980 |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Алматы |
Мекенжайы | 050043, Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков көш., 28 үй |
Әкімшілік | |
Ректоры | Имандосова Маргарита Булатовна |
Негізгі көрсеткіштер | |
Мамандар | 25 |
Бакалавриат | 31 |
Магистратура | 9 |
Докторантура | 5 |
Сайты | https://mok.edu.kz/kk/қазбсқа |
өңдеу |
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының базасында құрылды. ҚазБСҚА дербес жоғары оқу орны ретінде 1980 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда, оның тарихы өзінің бастауын негізінен Қазақ политехникалық институтының «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығына студенттердің алғашқы тобы қабылданған 1957 жылдан алады. 1961 жылы «Сәулет» мамандығына студенттер қабылданды, содан былай мына факультеттер құрылды: құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық.
1980 жылы осы факультеттер базасында, одан әрі Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына (ҚазМСҚА, 1992 ж.) айналған Алматы сәулет-құрылыс институты (АСҚИ) ашылды.
АСҚИ-дің тұңғыш ректоры болып жоғары оқу орнын 1980 жылдан 1986 жылға дейін басқарған т. ғ. к., профессор С. М. Байболов тағайындалды. 1987–1999 жж. АСҚИ-ҚазМСҚА-ны профессор П. А. Атрушкевич басқарды.
2000 жылдан Академия ректоры болып т. ғ. к., профессор Ә. А. Құсайынов тағайындалды. «ҚазБСҚА» ЖАҚ-на айналуына байланысты 2001 жылы ол президент-ректор болды. 2004 оқу жылының аяғында директорлар Кеңесінің мәжілісінде «ҚазБСҚА» ЖАҚ-ның президенттігіне проф. Ә. А. Құсайынов тағайындалды.
Сәулет факультеті (СФ) В. И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің (Қазақ Политехникалық институттың): «Қала құрылылысы» және «Сызу геометриясы» кафедраларының негізінде 1966 жылы құрылды.
1964 жылы құрылған «Қала құрылылысы» кафедрасы жаңадан ашылған факультетің ядросы болды. Т. К. Басенов – отандық сәулет мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш ғалым-сәулетшісі, Ленинград сәулет мектебінің түлегі, академик Щусев пен профессор Гофманның оқушысы, 1936 ж. құрылған Қазақстан Сәулетшілер Одағының бірінші төрағасы, сәулет ғылымының кандидаты, КСРО-ның корреспондет — мүшесі, Қазақ ССР-дың еңбегі сіңген құрылысшысы. Т. К. Басенов ҚазПТИ-де сәулетші мамандарды даярлау орталығын ашуға үлкен күш – жігерін жұмсады.
2009 жылдың 11 қарашасында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының сәулет факультетінде Т. К. Басенов пен М. М. Меңдіқұловтың 100 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 1961 жылы сәулет факультетіне бірінші қабылдау жүргізілді. Республикаға белгілі сәулетшілер Н. И. Репинский мен А. К. Қапанововтың төрағалық етуімен 5,5 жылдық оқудың 5 жылға өтуіне байланысты 1966–1967 оқу жылының қысы мен жазында алғашқы сәулетші – мамандар бітіріп шықты. Сол кезде факультетте Т. К. Басенов, Р. А. Сейдалин, М. С. Кенбаев, И. И. Белоцерковский, Х. Н. Наурызбаев, Ю. Б. Гуманян, Б. А. Глаудинов, П. Д. Усачев, С. А. Мамбеев, М. Р. Избасар, С. Ю. Алтайбаева, А. А. Ухоботов және басқа оқытушылар жұмыс істеді. Олар, негізінен, Мәскеу және Ленинградтың жоғары оқу орындарының түлектері болатын.
Кафедралардың саны үнемі көбейіп отырды: 1967 жылы «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулеті» кафедрасы (кафедра меңгерушісі – ҚазССР-на еңбегі сіңген сәулетшісі, доцент Р. А. Сейдалин); 1972 жылы «Сәулет тарихы және сәулет құрылысы» (кафедра меңгерушісі – ҚазССР-на еңбегі сіңген сәулетші М. М. Меңдіқұлов); одан кейін 1977 жылы «Сурет» кафедрасы ашылды және 1980 жылы ҚазССР-ның халық суретшісі Х. Н. Наурызбаевтың жетекшілігімен «Кескін және мүсін» негізі қаланды.
ҚазПТИ-дың сәулет және құрылыс факультеті Алматы сәулет-құрылыс институтына (АСжҚИ) өзгергеннен кейін 1980 жылы «Сәулет жобалау негіздері» кафедрасы ашылды (кафедра меңгерушісі – сәулет докторы, профессор А. Ж. Әбілев).
1992 жылы АСжҚИ-ды ҚазМСҚА-қа (Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы) өзгертілгеннен кейін «Сәулет ортасының дизайны» кафедрасы (кафедра меңгерушісі сәулет кандидаты, доцент Ю. И. Бахмутов болды) ашылды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» боп өзгертілді. 2005 жылы сәулет факультетінен дизайн факультеті бөлініп шықты.
Сәулет факультеті ашылғаннан бастап, факультеттің декандары болып: А. Д. Кузютин, Ю. В. Круглов, Б. А. Глаудинов, С. Р. Букейханов, М. И. Лесовиченко, Б. Х. Шакербай, Ю. И. Бахмутов, А. Ж. Абилов, Г. К. Садвакасова, К. Г. Жумартова жұмыс істеді. Қазіргі кезде факультет деканы – академияның профессоры, бірінші сәулет докторы, Қазақстан республикасының құрметті сәулетшісі Б. А. Глаудинов. 5 В042000 – «Сәулет» мамандықтары бойынша төмендегі мамандарды әзiрлейдi:
Қазіргі кезде КазГАСА-ның сәулет факультеті өте жақсы қалыптасқан сәулеттік мектеп болып табылады. Оның атағы Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен жайылып отыр. Оның беделі факультет түлектерінің табыстарына және оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қуатына негізделеді.
2007 жылдың Қазан айында Сәулет факультетінде Сәулетшілердің халықаралық Одағы комиссиясы жұмыс істеді – Ресей Сәулет және құрылыс ғылымының Академиясының Мәскеу Сәулет Институтының президенті Юнеско, сәулет докторы, профессор А. П. Кудрявцевтің жетекшілігімен 05420 шифры бойынша «Сәулет» Бакалавриат 08.11.2007 мамандығының Барселонада (Испания) МСА-Юнеско штаб-пәтерінде Орталық Азияда бірінші КазГАСА комиссия мәжілісі болып халықаралық аккредитациядан өткен болатын. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында Білім бағдарламасы бойынша «Сәулет» мамандығы халықаралық аккредитациядан өтті. Бұл КазГАСА-ның Сәулет факультеті түлегінің дипломы Әлемдегі 10 нан астам мемлекетте танылады, сонымен қатар МСА-ЮНЕСКО –ның аккредитациясынан өткен мемлекеттерде де мойындалады.
Оқу процесінде қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламалар қолданылады. Оқыту мемлекеттік, орыс тілдерінде жүргізіледі және белгілі бір пәндер, атап айтқанда ағылшын тілінде «Ландшафттық сәулет» және «Сәулеттік композиция» өткізіледі.
Қазіргі кезде Сәулет факультетінің 12 филиалы бар, олардың негізінде оқу сабақтары мен тәжірибелер өтеді (ЖШС ПИ «Алмаытгипрогор-1», АҚ Академия «Казгор», "Қалақұрылысы жобасының орталығы ЖШС «Урбостиль», АҚ ПФ «Градо» ЖШС Казгипоград және т. б.)
Бәсекеге қабілетті студенттер өздерінің дипломдық жобаларын шетел тілдерінде қорғауға тілек білдіреді. 2005–2006 оқу жылында 5 түлек «өте жақсы» деген бағамен ағылшын және француз тілдерінде қорғап, халықаралық үлгідегі дипломға ие болды.
Факультет филиалдары – бұл негізінен, сәулет-жобалық мекемелер. Жыл сайын филиалдарға оқу жүктемесінен 60 кредитке дейін дипломдық жобалау, курстық жобалау, оқу жобалары және дипломалдық тәжірибенің жетекшілігі бөлінеді.
Факультетте диплом қорғау бойынша МАК төрағалығына ҚР жетекші сәулетшілері шақырылады. 2001–2004 ж. ж. КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Академия академигі, сәулетші Қапанов А. К., 2007–2008ж еңбек сіңірген сәулетші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сәулетгшілер Академиясының академигі, «Абылай-хан» Халықаралық қорының президенті, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Валиханов Ш. Е., 2008–2009 ж. және 2009–2010ж. ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі, КазГАСА-ның құрметті сәулетшісі ЖШС «Урбостиль» директоры Л. В. Нысанбаева; 2009–2010жж. ҚР құрметті сәулетшісіА. Ш. Чиканаев.
2004 жылы сәулет факультетінің студенттері «Алматы қ. Бизнес орталығы» жобалауының тендерін жеңіп алды. Бұл тендерді «Арлайн» фирмасы үлкен сыйлық қорымен (5 000 АҚШ долларына, 10 соңғы модельдегі компьютерлерге) жариялаған болатын.
Жыл сайын шетелдік конкурстарға қатысу үшін МАК-тың ұсынған дипломдық жобалар саны өсуде:
Республикалық конкурстар мен көрмелерге қатысу:
26 қараша 2009ж.
Малтепе (Стамбул) Университетінде болған Еуразия елдерінің дипломдық жобалау конкурсы, қараша 2009ж.
Педагогикалық және ғылыми жұмыс.
Сәулет факультетінің студенттерінің білім сапасының жоғарылауына Халықаралық мастер-кластың өтуі септігін тигізеді. 2008 жылы 19–20 наурызында ҚР Британдық Кеңес жұмысының шеңберінде «Экологиялық Таза Үй» атты тақырыпта мастер-класс өткізілген болатын. Мастер- класс Эдинбургтен келген профессор, сәулетші Сью Рауфтың жетекшілігімен өткізілді. ПОҚ және студенттер үшін Британдық Кеңесте «Қазіргі таңдағы қала: сәулет және экология» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың авторлары — Британ кеңесінің Президенттері К. Басксер және Сью Рауф.
2006 жылы мамыр айында екі білім беру ұжымының– Эрфут университетінің және КазГАСА –ның студенттері мен профессорларының қатысуымен «Алматы қаласының орталығы және оның сәйкестілігі» атты мастер- класс өтті. Жемісті жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы факультетте баяндалып, сертификаттар тапсырылды.
Әдістемелік және ғылыми жұмыстар:
Ғылыми жұмыс:
Факультетте 17 магистрант, 1001 студент күндізгі бөлімінде және 110 студент сырттай бөлімде оқиды. СФ-дегі студенттер соңғы 3 жыл ішінде Қолданбалы Зерттеу Университетінде (Эрфрут, Германия) – 4 адам;
Сеул Университетінде (Оңтүстік Корея) – 2 адам (2008–2009);
Флоренцияда (Рамуальдо дель Бианко қоры, Италия) тәжірибеден өтіп жүргендер – 1 адам (2008–2009);
999 студент КазГАСА Президентінің «Scholarships» — мектебі бағдарламасы бойынша қолдау граннтарына ие болды.
Оқытудың инновациялық әдістері:
Аудиториядан тыс жұмыстар. Сәулет факультетінің студенттері мен оқытушылары белсенді түрде спорттық іс-шараларға катысады: СФ командасы баскетбол, волейбол, теннис, шахмат бойынша жүлделі орындарды иеленді. Факультет студенттері – көркемөнерпаз шығармашылығының белсенді қатысушылары. Жыл сайын төмендегі іс-шаралар өткізіледі: «Студенттерге қабылдау», «КазГАСА аруы», «КазГАСА-дағы көктем». Студенттер арасында «Ең үздік студенттік топ», «Жылдың ең үздік студенті», «Студенттер үйіндегі ең үздік бөлме», «Ең үздік эдвайзер» атты конкурстар болып тұрады. Сәулет факультеті жыл сайынғы КВН конкурсының көшбасшысы болып табылады, сонымен қатар «Бірінші курстықтардың спортакиадасы» жарыстарында спорттың бірнеше түрі бойынша орындар алады. 31 телеарнасы ұйымдастырылған Алматы және Астана қалаларының сәулеті үшін арналған дебаттарға да белсенді қатысып, «Жастар тәжірибесі», «Түлектер жәрмеңкесі», «Шетелдегі білім», «Schlarships» атты мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттер үшін спорт залы, стадион, оқу залы, компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. КазГАСА-ның студенттер үйінде оқу залы мен компьютерлік зал бар, олар сабаққа дайындық үшін 22:00 – ға дейін жұмыс істейді. Халықаралық байланыстар және жазықтық байланыстар:
Факультеттің көптеген түлектері сәулеттік тәжірибе ортасында және жоғары кәсіпті маман болып өсіп шығады. Олар ҚР ішінде және одан тыс елдерде белгілі болған сәулеттік жобалардың авторларына айналды: «Республика» алаңының мекеме ансамблі, Республикалық «Офицерлер үйі», «АХБК-ның Мәдениет сарайы», «Оқушылар және пионерлер сарайы», Астана қаласының Басты жоспарлары, Алматының және т. б.
ҚазБСҚА-ның Дизайн факультетінде келесі мамандандыру бойынша дайындық жүргізіледі:
Оқу мерзімі (күндізгі оқыту түрі) – 5 жыл. 050421 – «Дизайн» мамандығы бойынша бакалавриат бітірушісіне дизайн бакалавры атты академиялық дәреже беріледі. Жобалау саласында шығармашылық және көркем жұмыстар орындау үшін бакалаврлар дайындалады. Мамандық түріне сәйкес өндіріс орындары мен мекемелердің шығармашылық ұжымдарында жұмыс істеуге дайындық жүргізіледі. Кәсіби қызметтің түрлері: жобалау-конструкторлық, ұйымдастыру-басқарушылық, ғылыми-педагогикалық.
Кәсіби қызмет объектілері:
Дизайнерлер дайындау оқу бағдарламасына базалық және профильдік компоненттер кіреді: Дизайн тарихы мен теориясы, Өнер тарихы; Сурет; Бейнелеу; Инженерлік графика; Композиция; Түстану; Кәсіби компьютерлік бағдарламалар; Профильдік дизайнның элементтері мен үрдістері; Профильдік дизайн объектілерін жобалау және мамандандыру бойынша бірнеше пән.
Факультеттің қайнар көзі сонау 50-ші жылдардан басталады, ол кезде Қазақ тау-кен металлургиялық институтының, кейін В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының негізінде құрылған еді, факультетте ең ежелгі және ең қажет мамандық – құрылысшы мамандығы бойынша мамандар даярланады. Өзінің ұзақ жылдар бойғы тарихында жалпы құрылыс факультеті Қазақстан үшін жоғары білікті инженер-құрылысшылар дайындау арқылы отанымыздың дамуына зор үлес қосуда. Оның қалыптасу және даму кезеңдерінің кейбір сәттеріне тоқталып өтейік:
А. Т. Әубәкіровтың және Ю. И. Немчиновтың дипломдық жобалары үлгілі деп танылды. Кейіннен бұл түлектер ғалым болды, техника ғылымдарының докторы атанды. Дипломдарын 18 адам үздік қорғады, оның ішінде белгілі ғалымдар, педагогтар, өндірістегі мамандар – Т. Ж. Акбердин, М. М. Сабалаков, М. А. Ашимбаев, А. А. Беспаев, А. Ш. Татыгулов, П. В. Корольков және басқалар бар еді.
Дипломдық жобалауға кафедра оқытушыларымен қатар жобалау институттарының белді мамандары да жетекшілік етті.
Осы кезде факультет ҚазПТИ-да үлкен бастаушы факультеттердің біріне айналды. Құрылғанына бір жыл толмай жатып, факультет «Политехникалық институттағы көктем» атты көркем өнерпаздар байқауында екінші орынды жеңіп алды. Осы уақытта «Құрылысшылардың эстрадалық миниатюралар театры» ұйымдастырылды, жарты жыл өтпей-ақ, оның негізінде жалпы институттық «Политехниктердің эстрадалық миниатюралар театры» құрылды. Құрылысшылар көп рет ҚазПТИ, кейіннен АСҚИ спартакиадаларының жеңімпаздары атанды.
Қазір факультетте 1163 студент білім алып жатыр, оның ішінде 712–і күндізгі оқу бөлімінде оқыса, 451–і сырттай оқу бөлімінде оқиды.
Білім беру қызметі. Қазіргі уақытта факультет студенттерді «Құрылыс» мамандығы (бакалавриат) бойынша төмендегідей мамандандыруларға оқытады:
Өндіріспен байланыс. Факультет республиканың алдыңғы құрылыс компанияларымен «Базис», «КУАТ», «Алматыкұрылыс», «Алматыгорстрой», «Алматыкульбытстрой», «Элитстрой», «Казстройсервис», «ТS-Engineering» тығыз байланыста. Студенттердің салалық пәндер бойынша практикалық дағдылануын дамыту үшін факультеттің мына ұйымдарда филиалдары бар: АМФ-1 АО «Имсталькон» («Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні), АО «Серт» («Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні), КазНИИССА («Құрылыс конструкциялары» пәні), Инжстрой («Құрылысты механикаландыру, электрлендіру және автоматтандыру» пәні). Филиалдардың ашылуы студенттердің практикаларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін арттырады және біріге отырып оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Факультеттің мамандандырулары КазНИИССА-да ашылған өздерінің филиалдарының мүмкіндіктерін студенттердің оқу және өндірістік практикаларын, сондай-ақ аспиранттар мен магистранттардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру үшін белсенді түрде пайдаланады. Оқу барысында мынандай компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады: "Лира”, "Мираж”, "Автокад”, "Скад”, "Пакет”, «Мономах”, „Рама”. MatLab бағдарламасының көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізіледі және механикалық жүйелер зерттеледі, энергетикалық жүйелердің модельдері жасалады; курстық жобаларды компьютерлік есептеу үшін М-файлдар жасалған.
Профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлер. Қазір факультетте 35 оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 – академиялық және 20 ассоциацияланған профессорлар, 11 профессор ассистенттері бар. Факультетте оқытушылардан басқа қызметкерлер: кеңсе менеджері, хатшы-референт, лаборант қызмет атқарады.
Жалпы мәліметтер
Факультет 2007 жылдың тамызында академияның екi үлкен факультетiнiң негізінде құрылған: - құрылыс технологиялары, экономика және менеджмент; - инженерлiк жүйелер және тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi.
Факультет жоғары бiлiмi бар мамандарды ақылы және мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде дайындайды (оқу түрлері: іштей, сырттай, дистанциялық, қысқартылған).
Студенттер келесi бағыттар бойынша оқытылады:
Бакалавр мамандықтары:
― Құрылыстағы экономика және менеджмент; ― Сумен жабдықтау және канализация; ― Жылугазбен қамту және желдету.
Магистратура мамандықтары:
Оқу – әдістемелік жұмыс Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады, тендрлерге, семинарларға, халықаралық және республикалық дәрежедегі конференцияларға қатысады, кәсіби-шеберлік нәтижелерін көрсетеді. Оқытушылар республикалық жоғарғы оқу орындарын басқарушылармен (Аль-Фараби атындағы «Қазақ ұлттық университет», М. Тынышбаев атындағы «Көлік және коммуникация академиясы», «Тұран» университеті), құрылыс ұжымдарының басқаруымен (АҚ «Ұлттық холдинг» компаниясы, АҚ «АлматыҚұрылыс», ЖАҚ МАК «Алматыгорстрой»), қалалық коммуналды ұйымымен («Горводоканал»), сонымен қатар Алматы қалалық әкімшілік үкіметімен ғылыми және шығармашылық байланыста болуда. Студенттер өндірістік тәжірибесін АҚ «Промвентиляция», АҚ «Имсталькон», МҚК «Водоканал», «ВЕК» корпорациясы, ЖШС «НИИстромпроект», АҚ «Алматыкультбытстрой», АҚ «Рахат», АҚ «Алматы газовые сети», РМҚК « ҰКГФ», РМК «ГИСХАГИ», ЖШС «Геокод» және т. б. Қазақстандағы алдыңғы қатарлы құрылыс өндірістерінде өтеді.
Факультет филиалдары: - АҚ «АлматыҚұрылыс»,
- ЖШС «Имсталькон».
- РМҚК « ҰКГФ», — ЖШС ЕАТО «Швейцария орталығы»
Ғылыми зерттеу жұмыстары. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы педагогикалық әрекетпен қатар факультеттің барлық басқа бағыттарында ғылыми-зерттеулермен шұғылданады: Құрылыс материалдары, конструкциялары мен бұйымдары өндірісі, Жылумен қамтамасыз ету және желдету, Сумен қамтамасыз ету және канализация, Ағаш өңдеу технологияы, Тіршілік әрекеті қаупсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Экономика және менеджмент, Есеп және аудит, Геодезия және картография. 30.09.08 жылы ҚТИМФ профессор-оқытушылар ұжымы Алматы қаласы әкімшілігіне тендерге қатысу үшін келесі жобаларды мына ғылыми бағыттар бойынша ұсынды: қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеулер, тәжірибелік-конструкциялық жұмыстар бойынша, қолданбалы және инновациялық сипаттағы тәуекелділікті зерттеулер:
1. Құрылыстағы инвестициялық тәуекелділікті азайтуға арналған нұсқауларды ұсыну (Орындаушылар: т. ғ. д., акад. проф. Чан Чунг Нгиа, проф. ассист. Шағатаев Б. А.).
2. Инвестициялық тәуекелділікті таңдау және оларды азайту жолдары (Орындаушылар: т. ғ. к., акад. проф. Есенберлина Д. И., э. ғ. к., ассоцирлі проф. Халелова Г. Б.).
3. ҚР Оңтүстік аумағындағы құрылыс материалдарының маркетингтік зерттеулері (Орындаушы: э. ғ. к., ассоцирлі проф. Медиева Г. А.).
Қазақ бас сәулет-құрылыс академияның колледжі құрымдық бөлім болып, үзіліссіз және қосымша коп денгейлі білім беру мақсатында 2000 жылдық сәуір айында ашылған үш колледждің негізінде құрылды: сәулет және дизайн колледжі (СжДК), құрылыс-экологиялық колледжі (ҚЭК) және экономикалық колледж (ЭК). Колледжде білім беру қызметі үш бағыт бойынша жүзеге асады: 1. Сәулет және дизайн; 2. Құрылыс-экологиялық; 3. Экономикалық.
Біз жобалық және құрылыстық фирмалардың, дизайн студияларың, жарнама агенттіктерінің және тағы басқа ұйымдардың талаптарына сәйкес сәулет, дизайн, құрылыс және экономика салаларындағы орта кәсіби білімді мамандарды дайындаймыз. Біздің оқушыларымыз осы заманғы деңгейде жобалық ұйғарымдардың графикалық өңдеу жұмыстарын іске асыруға, өздерінің мамандықтарына сәйкес басқада жұмыс түрлерін орындауға қабілетті.
ҚазБСҚА колледжінде негізгі жалпы және орта білім беру негізінде төменгідей мамандықтар бойынша оқытылады:
Әр ай сайын академияда газет шығып тұрады. Газетте академияның, студенттердің және әлем сәулет жаңалықтары жарияланады.
Студенттер үшін әртүрлі іс-шаралар мен байқаулар өтеді. Мысалы:спорт (футбол, волейбол, баскетбол, қол күрес, шахмат, тоғыз құмалақ), білім жарыстары, «Жігіт Сұлтаны», «Қыз Сыны» деген сияқты байқаулар өтеді. 2011 Наурызда Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде «Nauryz JAM» атты би жарысы өтті. Жарысқа Алматының 11 университеті қатысып, бас жүлдені ҚазБСҚА ұтқан болатын.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі. Осы оқу ордасынан бірнеше қазақстандық атақты сәулетшілер шыққан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.