Базис (көне грекше: βασιζ — негіз):
- философияда — әлемнің, қоғамның, ғылымның, дүниетанымның, көзқарастың, т.б. негізі. Қоғамдық-экономикалық формациялар туралы маркстік ілім бойынша, қоғамдағы өндірістік қатынастар жиынтығы сол қоғамның Базисін құрайды да, оған сәйкес сол кезеңдегі қоғамдық сананы айқындайтын қондырма құрылады;[1]
- геодезияда — ұзындығы үлкен дәлдікпен өлшенетін Жер бетіндегі екі нүктенің арасын қосатын түзу сызық (эталон кесінді). Ол триангуляциядағы геодезиялық тор қабырғаларының ұзындығын анықтау үшін қолданылады.[2]
- Базис (Basis) — кейбір жиынның ең аз ішкі жиыны. Ол белгілі бір операцияларды қолданғанда жиынның барлық элементін қалыптастырады.[3]
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5