Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты - өз қызметін 1974 жылдың 1 наурызынан бастады.[1] Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды дереккөз материалдары болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.
Quick Facts Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты, Құрылған уақыты ...
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты
|
Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының ғимараты
|
Құрылған уақыты
|
1974 жыл
|
Орналасқан жері
|
Алматы
|
Мұражай түрі
|
Ұлттық мұрағат
|
http://ntd.kz/kz
|
Close
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы қаласының аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған ғылыми-технгикалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған.
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде:
- ғылыми-техникалық құжаттама көлемі 105925 сақтау бірлігін құрайды, олардың 18654 сақтау бірлігі ғылыми-техникалық,
- 2265 сақтау бірлігі – конструкторлық, 83005 сақтау бірлігі – жобалау,
- 2001 сақтау бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады.
- басшылық құжаттамалар көлемі 59036,
- жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар 16052 сақтау бірліктерінен тұрады. Барлығы мұрағатта 156 қор сақталады.
Олардың хронологиялық шегі 1775 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты құрайды. Мұрағат қорларының құрамы мамандандырылған мұрағаттың ерекшеліктерін көрсететін төмендегі жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады:
- ғылыми-зерттеу құжаттамасы;
- конструкторлық құжаттама;
- технологиялық құжаттама;
- жобалау-сметалық құжаттама;
- патенттік құжаттама;
- басшылық құжаттама.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты құжаттарының маңызды бөлігін Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Сібір электр энергетикасы нысанадарының, азаматтық-тұрғын үй, өнеркәсіп және машина жасау, мелиорация, су және орман шаруашылығы саласы құрылыстарының жобалау құжаттамалары құрайды. Көптеген қорлар сейсмикалық аса қауіпті аймақтарда қала құрылысы бойынша құжаттардан тұрады. Алматы қаласының тұрғын үй және азаматтық құрылыстарының жобалары бойынша, соғыстан кейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің барлық даму тарихын көруге болады.
Құрылыс материалдарын, металл құрылымдарын, ауыл шаруашылық машиналары мен механизмдерін, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бұйымдарын өндіру, аспап жасау өндірісін дамыту жолын көрсететін конструкторлық және технологиялық құжаттамалар ерекше көкейкесті материалдар болып саналады.
Экономиканың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, медицина мен білім берудің түрлі салаларындағы ғылыми зертеулерін көрсететін республикалық жетекші институттар мен ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу құжаттамалары бүгінгі зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық танытады.
Машина және оның механизмдері, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың инженерлік имараттары, сондай-ақ, ауыл және су шаруашылығы, тұрмыыстық қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы өнертапқыштық куәліктері, патенттік құжаттамалары өзіндік маңызға ие және әр алуан.
Басшылық құжаттамалар ғылыми-техникалық құжаттамаларды толықтыратын ақпараттар көзі болып табылады, және ол бұйрықтар мен есептік-жоспарлау құжаттамалардан, негізгі қызмет жөніндегі жабдықтар, жаңа технологиялық процестерді енгізу, ғылыми зерттеулердің тақырыптары, ғылыми-техникалық ынтымақтастық т.б. туралы хат алмасулардан тұрады.
Құжаттардың ақпарат сақтау тәсілдері әртүрлі: машинада терілген мәтіндер, калька, сәулелі көшірмелер, ватман, фотоқұжаттар, ХVIII-XIX ғасырлардың ерте жобаларында – батист.
Мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде құрылған құжаттармен қатар, мұрағатқа Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы көрнекті қызметкерлерінің өмірі мен қызметі тарихынан хабар беретін жеке құрам құжаттары да мемлекеттік сақтауға алынған. Олардың қатарында Ә.Ш. Тәтіғұлов, П.И. Мариковский, Ғ.Ә. Қалиев, М.И. Усанович, М.Ш. Мәжитов, Т.С. Жасыбаева, С.Г. Космериди, П.Т. Гуляевский т.б. белгілі қайраткерлер бар. Бүгінгі таңда 3302 сақтау бірлігінен тұратын 28 жеке құрам қоры мемлекеттік сақтауда. мұрағат қызметкерлері аса құнды құжаттар мен қорларды ақықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді, оларға жеке тізімдемелер мен есеп карточкалары құрылады, сақтандыру қоры мен аса құнды құжаттардың көшірмелерін пайдалану қорын құру үшін құжаттарды микрофильмдерге көшіреді. бүгінге күнге дейін 1532089 микрофотокөшірме дайындалды.
Түрлі ұйымдастыру-құқықтық формалары мен меншік формаларындағы, өзінің қызметі барысында ғылыми-техникалық құжаттар құраушы республиканың жетекшіұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері ОМҒТҚМ қор құраушылары болып табылады. Олардың ішінде: «КАZGOR» Жобалау академиясы, «Ауыл шаруашылығын механизациялау және электрификациялау ҒӨБ» РМК, «Водоканалпроект» Қазақ мемлекеттік ғылыми зерттеу жобалау институты, «Казинвестстрой» ЖШС, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы ҒЗИ, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық туберкулез проблемалары.
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын пайдалану және жариялау бойынша мұрағат белсенді жұмыстар атқарып келеді: «Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсібі бойынша ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдардың тарихы» (ОМҒТҚМ құжаттары бойынша), «Академик Ә.Ш. Тәтіғұлов», «Қазақстанның медициналық ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдарының тарихынан» және басқа да анықтамалықтар мен құжаттар жинағы жарық көрді.
Бүгінгі уақытта ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері:
- «Алматы қаласының жобалау тарихы. 1950-1980 жылдар»,
- «Қазақстанның су ресурстары»,
- «Жеке тек қорлары бойынша анықтамалық» құжаттар жинақтарын дайындады.
- Бүкілодақтық орталық кәсіподақ кеңесі Орталық кәсіподақ курорттарын басқару кеңесі «Союзкурорт» курорттарды жобалау институтының ортаазиялық бөлімшесі
- Курорттарды жобалау жөніндегі ортаазиялық одақтық «Союзкурорт жобалау» институт бөлімшесі, ВЦСПС кәсіподақтық курорттарды басқару туралы Орталық кеңесі
- КСРО мемлекеттік құрлысы Бүкілодақтық мемлекеттік санитарлық- техникалық құрылғыларды және қондырғыларды жобалау жөніндегі «Сантехпроект» институты, Алма-Ата бөлімшесі
- КСРО түсті металлургия министрлігі Жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарының бас басқармасы
- «Казмеханобр» түрлі-түсті металдарды кен байыту жөніндегі мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты
- Қазақ КСР мемлекеттік құрылыс «Казграждансельпроект» Қазақ КСР аймағында ауылдық тұрғылықты жерлер құру және жобалау жоспарларын жетілдіру және азаматтық тұрғын – үй құрылыс аймағын жобалау жөніндегі мемлекеттік бас жобалау институты
- КСРО энергетика және электрлендіру министрлігі Өнеркәсіптік куат және өнеркәсіптік отын энергиясын, қайта пайдаланған қуат қорларын тиімді пайдалану жөніндегі «ВНИПИэнергопром» бүкілодақтық мемлекеттік ғылыми-зерттеу және конструкторлық жобалау институтының ортаазиялық бөлімшесі
- Бүкілодақтық мемлекеттік ауылшаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеу бойынша бірыңғай және тәжірибелік жылыжай шаруашылығы мен кәсіпорындарын жобалау және ғылыми-зерттеу институтының «Гипронисельпром» Алма-Ата бөлімшесі
- КСРО Министрлер кеңесі Дайын өнімдер мемлекеттік комитеті «Промзернопроект» нанқабылдау, ұнжармасы, жемқоспасы қәсіпорындарын жобалау институтының қазақ бөлімшесі
- Мемлекеттік - акционерлік «Астық» компаниясы «КазНИИпромзернопроект» жарма және жем қоспалары кәсіпорындары мен қамба - элеватор шаруашылығын жобалау жөніндегі мемлекеттік ғылыми - зерттеу және жобалау институты
- КСРО мемлекеттік орман шаруашылығы комитеті Бүкілодақтық орман құрлысы бірлестігінің Қазақ орман құрлысы кәсіпорны.
- Қазақ КСР құрлыс материалдары өнеркәсіп министрлігі «Казоргтехстром» өндірістік технологиялық процестерді жөндеу және кәсіпорындарға техникалық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған конструкторлық-жобалау басқармасы
- Қазақ КСР құрлыс министрлігі «Казстройтехпроект» технологиялық-конструкторлық және жобалау институты
- Қазақ КСР ауыр индустрия кәсiпорындарының құрылыс министрлiгi «ЦБТИ» орталық техникалық ақпарат бюросы
- Қазақ КССР құрлыс министрлігі «ЦНИЛ» орталық ғылыми-зерттеу зертханасы
- «Главжелдорпроект» темiр жол көлiгi нысандарын жобалау жөніндегі бас басқарманың «Қазахжелдорпроект» Қазақстан теміржолдары iздену- жобалау институты
- Қазақ КСР ауылшаруашылығы министрлігі Машина жасауда ионды-электрондық технологияны қолдану жөніндегі аймақтық конструкторлық бюросы
- КСРО орталық «Центрсоюз» тұтынушылар қоғамдық кеңесі «Центросоюзпроект» жобалау институтының Алма-Ата бөлімшесі
- Құрлыс материалдары өнеркәсiп министрлiгi Құрылыс материалдарының ғылыми - зерттеу және жобалау ұйымдары бас басқармасының «НИИстромпроект» Алма-ата ғылыми зерттеу және жобалау институты
- Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігі Қазақ мемлекеттік жеңіл өнеркәсіп технологиялық – конструкторлық, жобалау институты
- КСРО химия және мұнай машиналарын жасау министрлігі «ГипроНИИхиммаш» мемлекеттiк химиялық машина жасау жобалау және ғылыми зерттеу институты
- Қазақ КСР қала және ауыл шаруашылығы құрлысы министрлігі «ЦНИЛ» орталық ғылыми-зерттеу зертханасы
- КСРО мемлекеттік құрлысы «Гипростром» Алма-Ата мемлекеттік құрлыс материалдары кәсіпорындарын жобалау институты
- Қазақ республикалық «Казбытсоюз» халықтың тұрмыстық қажетiн өтеу ұйымдары, кәсiпорындары және бiрлестіктері одағының «КазгипроНИКТИбыт» қазақ мемлекеттiк халықтың тұрмыстық қажетiн өтеу конструкторлық-технологиялық, жобалау және ғылыми- зерттеу институты
- «Проектная академия» жабық акционерлік қоғамы
- «Казгипрозем» Қазақ мемлекеттік жер өңдеу институтының Алма-Ата бөлімшесі
- КСРО жеңіл өнеркәсіп министрлігі «ГПИ-9» Мемлекеттік жеңіл өнекәсіп кәсіпорындарын жобалау институты
- КСРО мемлекеттік құрлысы Еңбек Қызыл Ту орденді «ЦНИИпроектстальконструкция» орталық металл құрылғылар құрлысы ғылыми-зерттеу және жобалау институтының қазақ бөлімшесі
- КСРО электрлендiру және энергетика министрлігі Қазан революциясы орденді «Энергосетьпроект» бүкілодақтық мемлекеттік энергетикалық жүйе және электрлік желі іздену-жобалау және ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесі
- Қазақ КСР байланыс министрлігі Қазақ мемлекеттік «Казгипросвязь» байланыс нысандарын жобалау институты
- КСРО көлiк құрылысы министрлiгi Мемлекеттiк бүкiлодақтық жол ғылыми -зерттеу институтының қазақ филиалы
- КСРО сауда министрлiгi «Казгипроторг» қазақ мемлекеттiк сауда және қоғамдық қоректену кәсiпорындарын жобалау институты
- КСРО электрлендiру және энергетика министрлiгi «КазНИИЭ» қазақ энергетикалық ғылыми- зерттеу институты
- «Казгипрорыбхоз» акционерлік кәсіпорны
- КСРО электрлендiру және энергетика министрлiгi «Сельэнергопроект» бүкiлодақтық мемлекеттiк iздену- жобалау және ғылыми- зерттеу институтының қазақ бөлiмшесi
- Қаз. КСР ауыл шаруашылығы министрлiгi «КазНИИМЭСХ» механикаландыру және ауыл шаруашылығын электрлендiру ғылыми- зерттеу институты
- Қазақстан Республикасы мұрағаттары және құжаттама басқару комитетi Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты
- Қазақ КСР жергiлiктi өнеркәсiп министрлiгі «Казгипроместпром» қазақ мемлекеттiк жергiлiктi өнеркәсiпті жобалау институты
- «Промстройпроект» жобалау институты ЖШС
- Қазақ КСР автомобиль көлiгi министрлiгi «КазНИПИАТ» Қазақ автомобиль көлiгiн жобалау және ғылыми - зерттеу институты
- «Союзводоканалпроект» бүкiлодақтық канализация және сумен жабдықтауды жобалау және ғылыми -зерттеу бiрлестігі *«Казводоканал» мемлекеттiк сумен жабдықтау, канализация және гидротехникалық құрылғыларды жобалау институты
- Қазақ КСР министрлер кеңесінің мемлекеттiк комитетi Құрылыс iстерiн жобалау ұйымдарының бас басқармасы «КазГИИЗ» инженерлiк iздестірулер қазақ мемлекеттiк бас институты
- КСРО мемлекеттiк құрылысы «ПромтрансНИИпроект» бүкiлодақтық өнеркәсiп көлiгiн жобалау және ғылыми –зерттеу институтының қазақ бөлiмшесi
- Космериди Спиридон Георгиевич – Қазақ ССР -на еңбек сіңірген сәулетші
- КСРО электрлендiру және энергетика министрлiгi Бүкілодақтық С.Я. Жук атындағы «Гидропроект» жобалау-іздестіру және ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесі
- Қазақ КСР мелиорация және су шаруашылығы министрлiгi «Казгипроводхоз» су шарушылық ғимараттарын жобалау жөніндегі қазақ мемлекеттiк институты
- КСРО мелиорация және су шаруашылығы министрлiгi «Союзгипросовхозводстрой» суармалы совхоздар және су шаруашылық ұйымдары құрылыс базаларының жобалау жөніндегі мемлекеттiк жобалау-iздестіру институты
- Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрлігі «Казгипрозем» жер өңдеу жөніндегі қазақ мемлекеттік жобалау институты
- КСРО тамақ өнеркәсібі министрлігі «Казгипропищепром» қазақ мемлекеттік тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалау институты
- Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрлiгi «Казсельхозмеханизация» Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру ғылыми-өндiрiстiк бiрлестігі
- «ННИИМЭСХ» Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру институтының Қазақ ғылыми –зерттеу эксперименталдық зауыты»
- Қазақ КСР автомобиль жолдары министрлiгi «Каздорпроект» қазақ мемлекеттiк автомобиль жолдарын жобалау және iздестіру бойынша жобалау институты
- КСРО көлiк құрылыс министрлiгi жобалау-іздестіру жұмысы бас басқармасы «Алма-Атагипротранс» Алма-Аталық жобалау-iздену институты
- Халық депутаттары Алма-Ата қалалық кеңесi атқару комитетiнiң «Алма-Атагипрогор» мемлекеттiк жобалау институты
- Қазақстан Республикасы азық-түлiк және ауыл шаруашылығы министрлiгi «Казгипромясомолпром» Қазақ мемлекеттiк ет және сүт өнеркәсiбi кәсiпорындарын жобалау жөніндегі институты
- Самара-Златоуст темір жолдар қызметін жобалау кеңсесі (Орынбор темір жолы)
- КСРО мемлекеттiк құрылыс «ЦИТБ» орталық тұрпатты жобалар институтының қазақ филиалы
- Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрлiгi «Казгипрозем» Қазақ мемлекеттiк жер пайдалану жөніндегі жобалау институтының кешендi iздестіру бөлiмшесi
- КСРО Орталық статистикалық басқармасы Бүкiлодақтық халық шаруашылығын механикаландыру, есеп беру және есепке алуды автоматтандыруға арналған ғылыми- зерттеу және жобалау - технологиялық институтның қазақ филиалы
- КСРО монтаждау және арнайы жұмыстар министрлiгі «Проектмонтажавтоматика» монтаждауды автоматтандыру мемлекеттiк бас жобалау институты
- «Казмежколхозстрой» Қазақ республикалық кеңшар аралық құрылыс ұйымдары кеңесiнiң «Казмежколхозпроект» қазақ республикалық кеңшар аралық бас жобалау институты
- КСРО «ВНИИОЗ» проф. Б.М.Житков атындағы орталық кеңес Бүкiлодақтық кәсiби аң аулау және аң өсіру шаруашылығы ғылыми –зерттеу институтының қазақстандық бөлiмшесі
- Қазақ КСР монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары министрлiгi «Казмонтажпроект» жобалау-конструкторлық технологиялық институты
- Қазақ КСР тамақ өнеркәсiбi министрлiгi «ЦПКБ» орталық конструкторлық- жобалау бюросы
- Қазақ КСР тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық министрлiгі «Казгипрокоммунстрой» Қазақ ССРының аумағындағы коммуналдық шаруашылық құрылыс нысандарын жобалауы бойынша мемлекеттiк бас жобалау институты
- КСРО министрлер кеңесі «Союзгипролесхоз» орман шаруашылығы мемлекеттiк комитетi Бүкiлодақтық мемлекеттiк жобалау-iздену институтының қазақ филиалы
- Гуляевский Петр Трофимович –Қазақ КСРна еңбек сіңірген құрлысшы
- «Казмебельлеспром» Аймақтық ғылыми-өндiрiстiк бірлестігі «ЦПКТБ» орталық жобалау конструкторлық-технологиялық бюросы
- Қазақ КСР монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстары министрлiгi «Тяжпромэлектропроект» жобалау-конструкторлық технологиялық институты
- «Асем Тас» Жабық акционерлік қоғамы
- «Союзоргтехводстрой» Бүкілодақтық бас жобалау-технологиялық институтының қазақ бөлімшесі
- Росляков Виктор Васильевич – Қазақ КСРна еңбек сіңірген гидротехник
- Қаз. КСР көкөнiс шаруашылығы министрлiгi «Алмалы» көкөнiс өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу нысандарын ғылыми зерттеу және жобалау бойынша қазақ мемлекеттiк институты
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгі Халықтар Достығы орденді қазақ педиатрия ғылыми -зерттеу институты
- Рубилина Элеонора Эмильевна – Қазақ КСРна еңбек сіңірген дәрігер
- Нечаев Игорь Николаевич – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы
- Шафранский Леонид Львович – медицина ғылымдарының докторы, онкология профессоры
- Позднухов Леонид Григорьевич - медицина ғылымдарының докторы, онкохирург профессор
- КСРО орталық кеңесі Бүкілодақтық «ВНИИПК» тұтынушылар кооперациясы ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесі
- Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Гигиена және кәсiби аурулар ғылыми- зерттеу институты
- Қазақ КСР денсаулық сақтау Халық комиссариатының Республикалық онкологиялық пункті
- Қазақстан Республикасы экономика мин.истрлігі жанындағы экономика ғылыми-зерттеу институты
- Қазақстан Республикасы әділет министрлігі Қазақ сот-сараптама ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ КСР мемлекеттiк жоспарлау жанындағы басқару құрылымдарын жоспарлау процесстерiн автоматтандыру және жетiлдiруiге арналған ғылыми- зерттеу институты
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі «Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі
- Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми – зерттеу институты
- В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының ВАСХНИЛ Шығыс бөлімі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты.
- Қазақ КСР ауылшаруашылық министрлігі Қазақ мал өсіру ғылыми-зерттеу институты
- КСРО педагогика ғылымдарының академиясы Жалпы және орта білім беру ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесі
- КСРО денсаулық сақтау министрлігі Ортаазия обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты.
- ҚазақКСР денсаулық сақтау министрлігі Қазақ тері-жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты.
- КСРО сәулетшiлер одағы «Архпроект» Бүкiлодақтық сәулетшiлiк - жобалау бiрлестігі «Алма-Атаархпроект» творчестволық сәулетшiлiк - жобалау шеберханасы
- КСРО трактор және ауылшаруашылық машина жасау министрлiгi Одақтық Мемлекеттiк Еңбек Қызыл ту орденді трактор жасау жөніндегі «НАТИ» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестігі Трактор жасау ғылыми –зерттеу институтының қазақ филиалы
- Қазақ КСР жергiлiктi өнеркәсiп министрлiгі Жобалау-конструкторлық және геологиялық барлау кеңсесi
- Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігі Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
- Деев Аркадий Константинович – ҚазақКСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,еңбегі сіңген құрлысшы
- «КазНТОмашиностроителей» Қазақтың ғылыми-техникалық машинажасау қоғамы
- Қазақстан Республикасы сауда министрлiгi «КазНИИПРиМ» тұтынушы нарығы және маркетинг қазақ ғылыми- зерттеу институты
- Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігі Қазақтың клиникалық және эксперименттік ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігі Қазақтың онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеу институты
Михаил Ильич Усанович – Қазақ КСР ғылым академиясының академигі, Қазақ және Өзбек КСР ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор
- Сумарокова Татьяна Несторовна - химия ғылымдарының докторы, профессор
- Қазақ соқырлар қоғамы орталық басқармасының Арнайы конструкторлық бюросы
- «Патис» Бүкілодақтық патенттік қызмет орталығы Жалға алу кәсіпорнының Алма-Ата бөлімшесі
- В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының қазақ бөлімшесі
- Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Қазақтың Алтынсарин атындағы білім мәселелері ғылыми – зерттеу институты
- В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының ВАСХНИЛ Шығыс бөлімі Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.
- В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының ВАСХНИЛ Шығыс бөлімі Қазақтыңшабындық жайылым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының ВАСХНИЛ Шығыс бөлімі Экономика және агроөнекәіп кешені ұйымының ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ КСР Мемлекеттiк жоспарлау комитетi жанындағы Қазақ ғылыми-техникалық ақпараттар және техникалық-экономикалық зерттеулер ғылыми -зерттеу институты
- «Главалмаззолото» КСРО Орталық мемлекеттiк асыл металлдардың ғылыми –зерттеу, жобалау және конструкторлық институтының Қазақ бөлімшесі
- «Казагропромтехника» Республикалық бірлестігі «Казсельхозпроект» ұжымдық кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгiнiң Ғылым академиясы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының «КазНИВИ» қазақ ғылыми- зерттеу малдәрiгерлiк институты
- В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының ВАСХНИЛ Шығыс бөлiмшесi
- В.Р.Вильямс атындағы қазақ егiн шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- Мариковский Павел Иустинович – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор
- Джасыбаева Тасиля Сүйінбаевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық ақпарат академиясының академигі
- КСРО жеңiл өнеркәсiп министрлiгi «АСКБ АСУТП» Алма-Ата қалыпсыз радиоизотоп тағы басқа жеңiл өнеркәсiп құралдарының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi «Казгипросельхоз» аймақтық мемлекеттiк жобалау институты
- В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының ВАСХНИЛ Шығыс бөлiмшесi
- Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы
- Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігі Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты
- КСРО құрал жасау министрлiгі Құралдарды автоматтандыру және басқаруды жүйелеу «Системотехника» Қазақ ғылыми-өндiрiстiк бiрлестігі
- КСРО Мемлекеттiк комитетi «КазНИИгоскомгидромет» Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылауға бойынша қазақ аймақтық ғылыми –зерттеу институты»
- «Казагрореммаш» концернiнiң «Агрореммаш» ғылыми-өндiрiстiк бас кәсiпорын бiрлестігі
- Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының есептеу орталығы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық аграрлық зерттеулер орталығының агроөнеркәсiп кешенiнде экономиканы және еңбектi қорғау қазақ ғылыми – зерттеу институты
- «ВНИИТА» Акционерлік қоғамы
- В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдар академиясының ВАСХНИЛ Шығыс бөлiмшесi
- Қазақ мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрлiгi «Казгипросельхоз» мемлекеттiк аймақтық мамандандырылған жобалау институтының Алма-аты филиалы
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi «Қазақ еңбек және еңбекпен қамту мәселелерi ғылыми зерттеу- институты» шағын мемлекеттiк кәсiпорыны
- Мажитов Шәкен Мажитович- заң ғылымдарының кандидаты, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің криминалистика кафедрасының доценті, сот-сараптама ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары
- Ермекова Бопан Әмірхановна - металлург, химик, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
- КСРО мемлекеттік жоспарлау жанындағы «НИИПиН» жоспарлау және нормативтеу ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесі
- Абланов Әбіш Жүкенович –техника ғылымдарының кандидаты
- Госсен Эрвин Францевич – Ленин сыйлығының лауреаты, Қазақ ауылшаруашылығы академиясының академигі
- Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігі Республикалық «Стоматология» ғылыми-өндірістік бірлестігі
- Ивлев Николай Петрович - техника ғылымдарының кандидаты
- Калиев Ғани Әлімович – экономика ғылымдарының докторы, профессор
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi «Казпромсельхозпроект» инфрақұрылым нысандарын, ауылдағы ауылшаруашылық нысандарын, ауылшаруашылық өнiмдерін өңдеу және сақтау, ет және сүт өнеркәсiбi кәсiпорындарын жобалау бойынша бас мемлекеттiк жобалау институты
- Иссык Владимир Владимирович –биология ғылымдарының кандидаты, генетика маманы
- Ратушный Юрий Григорьевич – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген сәулетші
- Татыгулов Әбдісағит Шаймұхамбетович – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген құрлысшы
- Қуатбаев Қуанғали Қуатбаевич - Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген құрлысшы
- «Алматыгенплан» акционерлік қоғамы
- КСРО жол қатынастары министрлігі Алма-Ата темір жол басқармасы
- «Қазақский институт минерального сырья» ЖШС
- Ерлепесов Мұхамеджан Ногаевич – Қазақ ССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер
- «Класс» ЖШС
- Елешев Рақымжан Елешевич- Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Ресей ауылшаруашылығы ғылымы академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер
- Балмұқанов Сайым Балмуханович - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі медицина ғылымдардың докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор
- КСРО геология министрлігі «Рудгеофизика» ғылыми-өндірістік бірлестігінің «ВИРГ» қазақ бөлімшесі
- КСРО геология министрлігі «Казгеофизика» геофизикалық жұмыстар жөніндегі қазақ ғылыми-өндірістік бірлестігі
- Сигарев Михаил Иванович – Қазақ ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
- Қазақ КСР мемлекеттiк мәдениет жөніндегі комитетi Қазақ халық өнерi және мәдени- қызмет республикалық орталығы
- Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетi «Научно-исследовательский и проектный институт памятников материальной культуры» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын
- Олейникова Павлина Васильевна – Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағатының алғашқы директоры
- Диденко – Кислицина Людмила Кузьминична – геолого-минерология ғылымдарының докторы
- Алшынбаев Мұхтар Рахимович – Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі
- Нәби Ысқақ Айтқұлұлы- техника ғылымдарының кандидаты
- Қазақстан Республикасы бiлiм министрлiгi Минералдық шикiзатты кешендi өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықтың Арнайы жобалау-конструкторлық технологиялық бюросы тәжiрибе өндiрiсiмен
- Минерология ғылымының доқторы Л.К. Диденко-Кислицинамен кездесуге арналған көрмесі[2]
- "Экология және климат" ғылыми-зерттеу институтының 60 -жылдығына арналған көрмесі[3]
- "Тарих беттері" көрмесі[4]
- «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми- қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 495 Қаулысы
- «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1045 Қаулысы
- «Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1031 Қаулысы