Павел Мариковский(1912-2008) - 9 шілдеде Ресейдегі Хабаровск өлкесінің Вяземская стапсасында туған.
Қиыр Шығыс медициналық институтына бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. КСРО Ғылым академиясының Қиыр Шығыс филиалында энтомолог боп істеген. 1946 жылдан бері Қазақ КСР ғылым академиясының Зоология институтында лаборатория меңгерушісі болған. Профессор, биология ғылымдарының докторы. Көптеген ғылыми еңбектің, екі монографияның авторы.
Ғылыми жұмыспен бірге, жазушылықпен айналысады. Ондаған еңбегі шыққан. Бірқатар кітабы Бүкілодақтық конкурста арнаулы жүлдеге ие болған.
Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған.
Шығармалары
- Мир шестиногих. А., ҚМ КӨБ, 1952;
- Розовая долина. А., ҚМКӘБ, 1962;
- Муравей-амазонка. А., ҚМ КӨБ, 1964;
- Охота за насекомами. А., «Мектеп», 1965;
- Маленькие труженики села. А., «Қайнар», 1969;
- Насекомые защищаются. А., «Қайнар», 1977.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.