Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]
Қадыр Мырза Әлі | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары |
1948–2011 |
Бағыты |
өлең сөз, қара сөз, драма |
Жанры |
өлең, поэма, драма, мемуар, мақала |
Шығармалардың тілі | |
Дебюті |
«Көктем» жыр жинағы (1959) |
Өмірбаяны
Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан.[2]
- 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
- Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.
- «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары.
- 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі.
- «Балауса» баспасының редакторы.
- Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі.[3]
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Шығармашылық жолы
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
Қадыр Мырза Әлінің көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударды. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды.
Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.[4]
- «Ой орманы» (1965);
- «Дала дидары» (1966);
- «Ақ отау» (1968);
- «Домбыра» (1971);
- «Көш» (1973);
- «Жерұйық» (1976);
- «Алақан» (1977);
- «Қорамсақ» (1980, 1981);
- «Қызыл кітап» (1983);
- «Күміс қоңырау» (1970 — 1985);
- «Мәңгі майдан» (1993);
- «Биік баспалдақ» (1993);
- «Үкілі үзінділер» (1996);
- «Алаштың арманы» (2001);
- «Жазмыш» (2001);
- «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001);
- «Иірім» (2004);
- «Шырғалаң» (2004);
- «Алмас жерде қалмас» (2004).
Марапаттары
- «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы (1966).
- «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1980).
- Әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯАС» сыйлығы (1993).
- Қазақстанның халық жазушысы (1995).
- Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы (2001).
- Достық ордені.
- Парасат ордені.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.