Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жымпиты — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, аудан және Жымпиты ауылдық округі орталығы, жазушы Қадыр Мырза Әлінің туған ауылы ретінде белгілі.
Ауыл | |
Жымпиты | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Әкімі |
Бақытжан Хамидуллин[1] |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°15′23″ с. е. 52°35′50″ ш. б.50.25639° с. е. 52.59722° ш. б. (G) (O) (Я) |
Алғашқы дерек | |
Бұрынғы атаулары |
Джамбейты (орысшасы) |
Орталығының биiктігі |
20 м |
Климаты |
жедел-континентті |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲5 984[2] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71134 |
Пошта индексі |
090900 |
Автомобиль коды |
07 |
Жымпиты шекарасы
|
Облыс орталығы – Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 км жерде, Өлеңті өзенінің жағалауындағы қара жусан, көкпек, бұйырғын өскен сортаңды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Бұл топонимнің этимологиясы жайлы ономаст-ғалым Қойшыбаев “атау соғды-иран тілдерінің “қорғаныс, бекініс” мағынасына ие “чим” тұлғасына көне түркі тілінің “сұсты, еңселі” мағынасындағы “пи” тұлғасын тіркеу арқылы жасалған” деген жорамал айтқан. Телғожа Жанұзақ осы тұрғыда өзінің “Тарихи жер-су аттарының түптөркіні” еңбегінде “Жымпиты” атауының жеке мағыналы үш сөзден жасалғаны жайлы жазады. Оның зерттеуіне сәйкес, оның бірінші сыңарындағы “жым” көне түркі тіліндегі “гем/хем/кем” - өзен мәніндегі сөздің өзгерген тұлғасы. Оған Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің болуы дәлел. “Жым” сөзі өзен мағынасындағы “гем” сөзіндегі г дыбысының ж дыбысына, е дыбысының ы дыбысына алмасуы салдарынан тілде солай сақталып қалған. Екінші құраушы сөз “пи” көне түркі тілінің “бэй” -өзен, самоди тілінде “би, бу” өзен мағынасындағы сөзден енген.Үшінші құраушы бөлімі “ты” түркі тілдерінде сын есім тудырушы, көптік, молдықты білдіретін жұрнақ. Қорытындылай келе, Жымпиты атауы - көне түркі тіліндегі “өзен, суы мол жер” деген мағынаға ие топоним. Атаудың осы мағынада қойылуына басты себеп - Жымпиты ауылының Өлеңті және Шідерті өзендерінің құйған тұсында орналасуы.
1999 жылы тұрғындар саны 5774 адам (2897 ер адам және 2877 әйел адам) болса, 2009 жылы 4931 адамды (2451 ер адам және 2480 әйел адам) құрады.[3]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5931 адамды (2960 ер адам және 2971 әйел адам) құрады.[4]
Іргесі XIX ғасырдың соңында Жымпиты уезінің құрылуына байланысты қаланды. Ауылда 1895-1897 ж. алғашқы аурухана және мектеп салынды. Сол өңірдегі ірі сауда-саттық орталығы болды. Татар мен орыс саудагерлері Жымпитыда мешіт пен шіркеу салдырды. 1927 жылға дейін әуелі уезд орталығы, 1928 жылдан аудан орталығына айналды. Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер 1997 жылдан 22 шаруа қожалықтары мен бір серіктестікке біріктірілген.
Ауылда 2 орта, бір орталау мектеп, 1 аурухана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, қонақ үйі, кинотеатр, мәдениет үйі, клуб, кітапхана т.б. мекемелер бар. Жымпиты арқылы Ақтөбе – Орал автомобиль жолы өтеді.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.