Эрик Мануэль Ламела (ис.Erik Manuel Lamela; 1992 жылы4 наурызда Карапачайда, Буэнос-Айрес қаласында туылды) — аргентиналық футболшы, «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубы мен Аргентина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Ол 1992 жылы4 наурызда Карапайда, Буэнос-Айрес қаласында туылып өсті. Оның ата-аналары — бұрынғы футболшы Хосе Ламела мен оның әйелі Мириам. Екі бауыры бар — Аксель мен Барйан.
8 жасынан бері жас футболшылар мектебінде Ривер Плейта ойнады. 2004 жылы 12 жасында «Барселона» оған қызығып, оған көшу жайлы ұсыныс жасады. Бірақ Ривер Плейттің президенті Хосе Агилар оны сақтап қалды.
16 жасында Ламела «Ривер Плейттің» жастар командасында ойнап, Cobham Cup турниріне қатысты. Бірақ турнирді ұйымдастырушы лондондық «Челси» финалда Риверді 2:0 есебімен жеңіп кетті.
Ривер Плейт
Ламела алғаш рет негізгі құрам үшін 2009 жылы13 маусымда, 17 жасында Тигре командасына қарсы матчта алаңға 80 минутта кірді. Командасы 3:1 есебімен жеңіп кетті.
Алғаш голын 2010 жылы 16 қарашада Колона командасына соғып, есепті теңістірген еді. Ойын Ривердің жеңісімен бітті.
Жақсы техника мен алаңды жақсы көргендіктен негізгі құраммен жиі шығатын болды. Кейінірек, ол айып соққыларын Ариэль Ортеганының орнына соғатын болды. Алдында көбінесе қапталдарда ойнаса, кейін плеймейкердің позициясында ойнап, 10 нөмерге ие болды.
2011 жылы25 мамырда алғаш рет ұлттық құрамасы үшін алғаш рет алаңға 58 минутта Парагвайға қарсы матчта шықты.
Рома
2011 жылы6 тамызда итальяндық «Ромамен» 5 жылдық контракқа қол қойып, 12 млн.еуроға көшіп кетті. Маусымның басын жарақат үшін жіберіп алды. 23 қазанда алғаш рет алаңға шығып, 8 минутта алғаш голын «Палермо» клубының қақпасына соқты. 2012 жылы 11 қаңтарда алғаш рет Италия Кубогіндегі голдарын 1/8 финалда «Фиорентинаға» қарсы соқты. Жалпы 2011/12 маусымда А сериясында 29 матч өткізіп, 4 гол соғып, 9 голдық доп берді.
2012 жылы28 қазанда А сериясында алғаш рет дубль жасады. Алайда командасы «Удинезе» клубына 2:3 есебімен жеңіліп қалды.