Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рома (итал. Associazione Sportiva Roma) — Италиялық футбол командаcы. Рим қаласынан. Италия "А" сериясында үзіліссіз ойнап келе жатқан клуб. Клуб 1927 жылы құрылған[1]. Тек екі маусым ғана (1929/30, 1951/52) В сериясында ойнаған. Еуропа Клубтар қауымдастығының мүшесі.Үйдегі ойындарын Римдегі Олимпиадалық стадионда өткізеді.
1927 жылы «Роман ФК», «Альба-Аудаче» и «Фортитудо-Про Рома» атты команданың бірігуінен жасақталған. Команданы жасақтаушы әрі президенті сол кездегі фашистік биліктің өкілі — Итало Фоски болды. Клуб аса күшті болмаса да, елдегі мықты деген командаларға әжептәуір қарсылық танытып жүрді. 1930/31 жылғы маусымда команда "Ювентустен" кейін екінші боп мәреге жетті. 34 матчта 87 гол соғып, бұл рекорд тек 2015/16 маусымда ғана жаңарды (бірақ 34 емес, 36 матчта).
Команда тек 1941/42 жылғы маусымда ғана Италия чемпионы атанды. Бірақ кейін соғыстан кейінгі жылдары команданың халі нашарлап кетті де, 1951 жылы В сериясына түсіп қалды. Келесі жылы қайта элитаға оралды. 1954/55 жылғы маусымда екінші орынға табан тіреді. 1961 жылы клуб алғашқы халықаралық жүлдесін ұтты — Жәрмеңкелер кубогында топ жарды.
Клуб 80-жылдары ғана күшейе алды. 1981/82 жж маусымда екінші орынға тұрақтады, келесі жылы үшінші орынды иеленді. Ал 1982/83 жылғы маусымда екінші рет Италия чемпионы атанды.
Клуб 1991 жылы Кубок Иелерінің кубогын ұтып алды. 2001 жылы үшінші рет Италия чемпионы атанды.
2022 жылы УЕФА конференциялары лигасының тұңғыш жеңімпазы атанды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.