From Wikipedia, the free encyclopedia
Шығанақ соғысы немесе Парсы шығанағындағы соғыс (ағылш. Gulf War) — 1990 жылдың 2 тамызымен 1991 жылдың 28 ақпаны аралығында болған соғыс. Бұл — АҚШ-қа сенім білдірген 35 ұлттың өкілінен құралған коалиция күштері мен Ирактың арасындағы Кувейтті азат ету мақсатында болған соғыс.
Шығанақ соғысы | |||
Төбесінен бастап сағат тілі бағытымен: АҚШ авиациясы Кувейттің оттағы мұнай ұңғымасының үстінен ұшуы; британ әскерлері; Lockheed AC-130 тікұшақпен түсірілген сурет; «ажал жолы»; M728 танкі | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын | |||
Нәтиже |
Коалицияның жеңісі
| ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Шығындар | |||
| |||
Жалпы шығындар | |||
| |||
Ирак әскерінің 1990 жылғы 2 тамызда Кувейтке күшпен басып кіруі АҚШ-ты Сауд Арабиясының аймағында әскери күштерін орналастыруға мәжбүр етті. Ирак Президенті Саддам Хусейн Ирак әскерінің баса-көктеп кіру себебі — ол елдің мұнай өндіру мөлшері Ирактың мұнай өндіруінен 14 млн долларға артық болғандығынан деп жариялайды. Әуеден шабуыл жасау кезінде озық қару-жарақ қолданылғандықтан Ирак құрал-жабдықтарының үштен бірі істен шықты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 1990 жылғы тамыздағы шешіміне сай Ирак әскеріне наразылық білдіріп, оларды қайтару керектігі ескерусіз қалғандықтан мұнай саудасына тыйым салу және бөгет жасауға жол берілді. Кейінірек, жерде жүргізілген 100 сағаттық соғыс барысында, Кувейтте және сол елге жақын жерде орналасқан 500 мың адамы бар қуатты Ирак әскеріне күйрете соққы берілді. Ақпан айының соңына қарай Ирак әскері жеңіліп, Кувейт қайтадан тәуелсіздікке ие болды.
Бұл соғыс кезінде АҚШ елінің шығыны - 61 млрд доллар болды. Соғыс синдромы - Шығанақ соғысы ардагерлердің түрлі психологиялық және тән азабынан зардап шегуі. Алғашқы Шығанақ соғысына қатысқан АҚШ-тың 700 мың ер және әйел адамнан тұратын әскери қызметкерлердің 30 пайызы Шығанақ соғысы аурулары жайындағы мәлімет бөліміне тіркелген.
Генерал Томми Франкстің басшылығымен 2003 жылы Иракқа басып кірген әскер Саддам Хусейнді тұтқынға алды, ал 2006 жылдың 30 желтоқсанында дарға асу жазасына кесілді[3].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.