Миттеран Франсуа (26.10.1916, Франция, Жарнак қаласы – 8.1.1996, сонда) – саяси қайраткер, Франция президенті (1981 – 95).
Франсуа Морис Адриан Мари Миттеран François Maurice Adrien Marie Mitterrand | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
21 мамыр 1981 жылы — 17 мамыр 1995 жылы | ||||
Ізашары | Валери Жискар д’Эстен | |||
Ізбасары | Жак Ширак | |||
| ||||
21 мамыр 1981 жылы — 17 мамыр 1995 жылы | ||||
Ізашары | Валери Жискар д’Эстен | |||
Ізбасары | Жак Ширак | |||
| ||||
16 маусым 1971 жылы — 24 қаңтар 1981 жылы | ||||
Ізашары | Ален Савари | |||
Ізбасары | Лионель Жоспен | |||
| ||||
31 қаңтар 1956 — 12 маусым 1957 | ||||
Ізашары | Леон Мартино-Депла | |||
Ізбасары | Буржес Монури, Морис | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Франция социалистік партиясы | |||
Дүниеге келуі | 26 қазан 1916 Франция | |||
Қайтыс болуы | 8 қаңтар 1996 (79 жас) Франция | |||
Жұбайы | Даниэль Миттеран (1924-2011) | |||
Балалары | ұлдары Паскаль (1945; сәби кезінде қайтыс болды), Жан Кристоф (1946)және Жильбер (1949) | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Париж университетін бітіріп, журналист, адвокат қызметтерін атқарған. 2-дүниежүзілік соғыста француз қарсыласушылар қозғалысына қатысты. 1946 жылы парламент мүшесі болып, 1947 – 58 жылдары Франция үкіметінің құрамында әр түрлі дәрежедегі қызметтер атқарды: 1954 – 55 жылдары Ішкі істер, 1956 – 57 жылы. Әділет министрі болды. 1958 жылы Шарл де Голль 5-республиканы құрмақ болғанда алғаш рет Миттеран Франсуа оппозициялық топ ұйымдастырды. 1959 – 62 жылы сенатор, 1953 – 65 жылдары Демократиялық және социалисттік қарсыласу одағы партиясын, 1965 – 68 жылдары Демократиялық және социялдық солшыл күштер федерациясын басқарды. Миттеран Франсуа – француз соц. партиясының негізін салушы, 1971 – 82 ж. оның бірінші хатшысы болды. 1981 және 1988 ж. екі рет Президент болып сайланды. Миттеран Франсуа Франция тарихындағы социалистерден шыққан тұңғыш президент. Ол Еуропа Одақты (ЕО) қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Социялдық жүйеден бас тартқан Орталық және Шығыс Еуропа елдерін (Польша, Чехия, Венгрия, т.б.) ЕО-ға тартуды жақтады. 1991 ж. КСРО тарағаннан кейін құрылған ТМД елдерімен (соның ішінде Қазақстанмен) тығыз дипломат. байланыс орнатты. Миттеран Франсуа көзі тірісінде “тарихтың ағымын түзеген мемлекет қайраткері” атанды. Миттеран Франсуа жетекші еуразиялық елдер басшыларынан алғашқылардың бірі болып 1993 жылы Қазақстан Республикасына келді.
Сілтемелер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.