From Wikipedia, the free encyclopedia
Хара́ре (ағылш. Harare) — Зимбабве астанасы және Хараре провинциясының әкімшілік орталығы. Елдің ең ірі қалаларының бірі, мәдени және өнеркәсіп орталығы.
Қала | |||||
Хараре | |||||
ағылш. Harare | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Статусы |
Астана | ||||
Провинция |
Шығыс Машоналенд | ||||
Мэр |
Элиас Мудзури | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
17°51′50″ о. е. 31°01′47″ ш. б.17.86389° о. е. 31.02972° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1890 | ||||
Бұрынғы атаулары |
Солсбери | ||||
Қала статусы |
1935 | ||||
Жер аумағы |
872 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
1490 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
1 600 000 адам (2006) | ||||
Агломерация |
2 800 111 | ||||
Хараре шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Хараре |
Тұрғындарының саны — 1 600 000, қала маңын қоса алғанда — 2 800 000 (2006).
Қаланың негізін 1890 жылдың 12 қыркүйегінде Британдық Оңтүстік-Африкалық компаниямен жіберілген отряд Ұлыбританияның премьер-министр— лорды Солсберидің құрметіне Форт Со́лсбери атты әскери база ретінде қалаған. Елді мекен негізінен Бейраға (Мозамбиктағы порт) баратын жол бойындағы сауда орталығы ретінде дамыды. 1897 жылы Форт Солcбери муниципалитет болып жарияланды және 1935 жылы қала атағын алды.
Солсбери 1953 және 1963 жылдар аралығында Родезия және Ньясаленд Федерациясының астанасы болды. Ян Смит үкіметінің 1965 жылдың 11 қарашасында елдің Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, қала Оңтүстік Родезияның астанасы болды. Көршілес қара мемлекеттермен (КСРО, Қытай және Ұлыбританияның біріккен қолдауымен) ұйымдастырылған территориялық соғыс нәтижесінде, 1980 жылдың 18 сәуірінде ақтардың режимі құлайды. Солсбери атауы Хараре деп өзгертіліп, қала Зимбабве Республикасының астанасы аталады.
1996-2002 жылдары Роберт Мугабе режімімен орын алған ақ нәсілді халықтың геноциді қала экономикасы мен инфрақұрылымана көптеген зардап әкелді. Жұмыссыздық деңгейі 80%-дан асады, ал ЖИТС-пен ауыру деңгейі — 25%. Қала орталығындағы бірнеше көшелерді санамағанда қалада қоқыс шығару мен жол жөндеу шаралары іске асаралмайды, орталықтандырылған су және электр энергиясы жүйелері қираған және канализация жұмыс істемейді.
Харарені әртүрлі ұйымдар әлденеше рет әлемдегі өмір сүру үшін ең нашар астана ретінде атаған болатын (оның ішінде 2009 және 2011 жылдары The Economist журналы).
Теңіз деңгейінен 1490 метр биіктікте орналасқандықтан Хараренің климаты — субтропикалық таулы климат. Хараредегі ауа райы үш айқын мезгілдерге бөлінген: жаңбыр мезгілі (қараша-сәуір), анда санда қатты суық түсетін салқын құрғақ мезгіл (мамыр-тамыз) және ыстық құрғақ мезгіл (қыркүйек-қазан). Жылдық орташа температура +18 °C, ал ең салқын айдағы орташа температура (шілде) +14 °C, ең жылы ай болып қараша саналады, бұл айдағы орташа температура +22 °C.
Хараре ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Абсолюттық максимум, °C | 32 | 31 | 30 | 32 | 28 | 26 | 28 | 31 | 33 | 34 | 35 | 32 | 35 |
Орташа максимум, °C | 26,3 | 25,8 | 26,2 | 25,3 | 23,4 | 21,4 | 21,4 | 23,7 | 26,8 | 28,2 | 27,4 | 26,2 | 25,2 |
Орташа температура, °C | 21,0 | 20,7 | 20,3 | 18,8 | 16,1 | 13,7 | 13,4 | 15,5 | 18,6 | 20,8 | 21,2 | 20,9 | 18,4 |
Орташа минимум, °C | 15,8 | 15,6 | 14,5 | 12,3 | 8,8 | 6,1 | 5,5 | 7,4 | 10,5 | 13,4 | 15,0 | 15,7 | 11,7 |
Абсолюттық минимум, °C | 8 | 9 | 8 | 6 | 2 | 0 | 0 | 1 | 3 | 7 | 8 | 9 | 0 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 191,4 | 144,3 | 95,3 | 40,6 | 10,0 | 2,2 | 1,8 | 2,0 | 8,8 | 36,8 | 101,2 | 170,4 | 804,8 |
Дерекнама: Гонконг обсерваториясы, BBS Weather |
Хараре келесі қалалардың бауырласы болып табылады:
Т. Л. Шереметьева, Т. О. Родина Весь Мир: Страны и столицы — 2004. — ISBN 985-13-2056-0.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.