From Wikipedia, the free encyclopedia
Ханака, ханега, хонако (парсы хане — үй және га — орын) — Орталық Азия мен Әзірбайжанда, сондай-ақ кейбір Таяу Шығыс елдерінде кең таралған діни құрылыстың түрі; дін жолын ұстанған тақуалар мен кезбе дәруіштерді қабылдау үшін салынған ақысыз қонақ үйі. Ханака тұрғызу суфизмді уағыздауға байланысты етек алды. Ол негізінен мешіт, медреселердің жанында болады; қаласы Діни құрылыстар.[1]
Ханака - соттардың тұрақжайы,құдайға құлшылық ету орны; кезбе дәруіштер тоқтайтын үй, тегін қонақжай. Xанака атқаратын қызметі жағынан рибатқа ұқсас. Xанака салу, шамамен, IX - X ғасырдың қарсаңында мұсылман әлемінің шығысында - Хорасан мен Мауереннахрда пайда болған.Одан кейін ол Батыс Иран, Ирак, Сирия мен Мысырда кең етек жаяды, сондай-ақ, Үндістанға тарайды. Ханакада Құдайға құлшылық ету рәсімі (ораза, зікір салу, жалпы мінажат ету, түнгі құлшылық, т. б.) жүзеге асырылатын болған. Ханака ғасырдың аяқ кезінен бастап «ұстаз-шәкірт» жолын ұстанған тұрақты ханакалар пайда болды, яғни ханака жеке бас тіршілігін мүлде шектеп, барлығын тақуалыққа бағындыратын мистик, жолды ұстаушы қауым орталығына айналды. Дәстүр бойынша алғашқы ханака. мүшелеріне арналған заң ережесін шығарушылардың бірі Әбу Саид Майхани болды. Осы тұста шығыстан кейбір ханакалар «әулие ақсақалдар»жерленетін сағанаға айналды. XI ғасырдың ІІ-жартысында ханака батыста Салжұқ шапқыншылығынан кейін пайда бола бастайды да, осы ғасырдың үшінші ширегінде Халеб пен Шамда ірге тебеді. Xанака ең алғашында өкімет мекемелеріне тәуелсіз, жекеше немесе қоғамдық ұйым түрінде пайда болғанмен, кейіннен (мешіт, медресе сияқты) қоғамның әлеуметтік шоғырлануының негізгі орталығын айналды. Олар негізінде ерлер қауымынан құралды, алайда бірыңғай әйелдер ханакасы (Каир, Шам, Бағдат, Мекке) да болды. XII ғасырдың соңынан ханака, сопы бауырластығының (тарика) орталығына айналып, тек өз мүшелерінің ғана емес, ханаканы қаржымен жабдықтан тұратын тұтас майдагерлік корпорациялардың басын біріктірді. Ханаканың келесі бір кірісі қайыр садақа мен мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнен құралды. Мемлекет тарапынан жәрдем қаржы босату Ираннан басқа мұсылман елдерінің бәріне тән құбылыс еді.Сопы қауымына назар аударып отырудың пайдалы екенін тез аңғарған Ирак, Сирия мен Мысырдағы салжұқтар, Фатима, айиуб әулеттері мен мамлюктер (XII ғасырдың ортасынан бастап) ханакаларға қаржы бөліп,жаңа ғимараттарын тұрғыза бастады. Бұл елдердегі ханака діни тіршіліктің орталығын айналды, ал мұндағы шейхтар бірте-бірте өзінің дін басшысы екенін ұмытыл, әкімшілік тапсырма беруші қызметімен айналысып кетті. Тек өкімет қарауындағы мінажат орындары ғана ханака атанды. Өзінің бастапқы сипатынан айрылған өкімет мазарындағы ханакалар бауырластықтардан қол үзіп қалды, оның өкілдері өкімет бұғауынан босануға ұмтылды. XVI ғасырдан ханаканың орнын текке деп аталатын түрік үлгісіндегі сопы қауымы ығыстыра бастады, ол осман шапқыншылығы дүрбелеңімен бірге Мағрибқа етек жайды. Мауереннахрда ханака әрі мінажат, әрі кезбе тақуалар тоқтайтын үй қызметін атқарды. Ол біріншіден, дала тұрғындары, көшпенділермен байланысты болды: екіншіден миссионерлік орталык қызметін атқарды, соның арқасында түрікмен, қазақ және қырғыз тайпалары Исламға кірді; үшіншіден,Исламда «әулиеге» табынудың кең етек алуы салдарынан ханаканың мән-мазмұны да едәуір өзгерді - олар «әулие бабтардың» сағанасы жанынан салынып, оған тәуеп етіп келгендерден түскен қаржы ханаканың күнкөріс көзіне айналды. Үндістанда ханаканың пайда болуы XII -XIII ғасырдың қарсаңына саяды. Оның XIII – XV ғасыр аралығында кең етек алуына чиштийа және сухравардийа сопы бауырластыр үлкен ықпал жасады. Ханаканы салу барысында оның негізгі атқаратын қызметі - мінажат ету орны екендігі ескеріліп отырды. Ханаканы кейде мешітпен бірге саяды. Дәстүр бойынша оның мінажат бөлмесі мен асханасы негізгі ғимарат ішіне орналасты. Алайда, көптеген ханакалардың арнайы салынған ғимараттары болмады, олар көбінесе дін бауырластығына жеке адамдардың қайрымдылық жолымен берген үйлеріне ірге тепті.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.