Халықаралық жүзу федерациясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық жүзу федерациясы (фр. Fédération Internationale de Natation, қысқаша FINA, қазақша ФИНА) Халықаралық олимпиада комитетімен мақұлданған халықаралық ұйым. Ұйым су спорты түрлеріндегі бәсекелестікті қадағалау үшін құрылған. Әлемнің 202 жүзу федерацияларын біріктіреді. Штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан.
Fédération Internationale de Natation Халықаралық жүзу федерациясы | |
---|---|
Қысқармасы | FINA |
Ұраны | Су - біздің әлем (Water is Our World) |
Құрылуы | 1908 |
Орналасуы | ![]() |
Мүшелері | 202 ұлттық федерация |
Президент | ![]() |
Ресми торабы | www.fina.org |
Қазіргі кезде ФИНА су спортының 5 түрін қадағалайды: жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, су добы және синхронды жүзу.
ФИНА эгидасымен, екі жылда бір рет су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
2009 жылдың 24 шілдесінде ФИНА президенті уругвайлық Хулио Маглионе болып тағайындалды.
Тарихы
ФИНА 1908 жылы 19 шілдеде 1908 жылдың Олимпиада ойындарының соңына қарай Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, және Швеция жүзу федерацияларымен Лондондағы Манчестер қонақ үйінде құрылған.
Ұлттық федерациялардық саны жылдар бойынша:
- 1908: 8
- 1928: 38
- 1958: 75
- 1978: 106
- 1988: 109
- 2000: 174
- 2008: 197
- 2011: 202
Мүше ұйымдар

- Азия (43): Азияның әуесқой жүзу федерациясы
- Aфрика (45): Африкандық жүзу конфедирациясы
- Aмерика (40): Американың әуесқой жүзу одағы
- Eуропа (50): Еуропалық жүзу лигасы
- Oкеания (13): Океанияның жүзу қауымдастығы
Президенттері
ФИНА президенттері | ||
---|---|---|
Есімі | Country | Мерзім |
Джордж Хирн | ![]() |
1908–1924 |
Эрик Бергвол | ![]() |
1924–1928 |
Эмиль-Жорж Дрини | ![]() |
1928–1932 |
Вальтер Биннер | ![]() |
1932–1936 |
Гарольд Ферн | ![]() |
1936–1948 |
Рене де Рав | ![]() |
1948–1952 |
М.Ль. Негри | ![]() |
1952–1956 |
Ян де Ври | ![]() |
1956–1960 |
Макс Риттер | ![]() |
1960–1964 |
Уильям Бердж Филлипс | ![]() |
1964–1968 |
Хавьер Остос Мора[1] | ![]() |
1968–1972 |
Гарольд Хеннинг | ![]() |
1972–1976 |
Хавьер Остос Мора (2-ші мерзім)[1] | ![]() |
1976–1980 |
Анте Ламбаса | ![]() |
1980–1984 |
Роберт Хелмик | ![]() |
1984–1988 |
Мустафа Ларфэоуи | ![]() |
1988–2009 |
Хулио Маглионе | ![]() |
2009–б.к. |
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.