From Wikipedia, the free encyclopedia
Фельетон (фр. feuіlleton, feuіlle – парақ) – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма.
Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың “Журнал де Деба” газеті өзінің қосымша шығарған парақтарын фельетон деп атаған. 19 ғасырдың 1-жартысында болған француз революциялары кезінде бұл парақтарда негізінен қоғамды сынайтын мақалалар басылды. Кейіннен “Фельетон” термині Франциядан Германияға, кейін Ресейге ауысты. Неміс, орыс баспасөздерінің белгілі бір беттері фельетон деп аталып, онда қоғамдық-саяси мақалалар, сыни-айтыс еңбектер, әдеби шолулар жарияланды. Келе-келе фельетон белгілі бір нысананың кемшіліктерін күлкіге айналдыратын сатиралық жанрға айналды. Қазақ жерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды. 1920 – 30 жылы Б.Майлин, І.Жансүгіров, 1940 – 50 жылы А.Тоқмағамбетов бұл жанрды әрі қарай дамытты. Кейіннен бұл жанрда О.Әубәкіров, С.Адамбеков, т.б. жемісті еңбек етті.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.