Көсемсөз, публицистика (лат. publіcus – қоғамдық) – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.Публицист сөзі <<Публицистика>> деп аталатын жанрға қатысты пайда болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика- латынның <publich>- қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және басқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарастарымен байланыстырады. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бір мақсатқа жұмылдырады.[1]

Зейнолла Қабдоловтың зерттеуі

Ахмет Байтұрсынұлы публицистикалық очеркті «көсемсөз» деп атаған, ол оның авторын «көсемсөзші» деген. Бұл – қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс. Көсемсөз – өз кезінің үні, жаңаның жаршысы. Орыс жазушысы Максим Горький публицистикалық очеркті ғылыми-зерттеу мен әдеби шығарманың ортасында тұрған аралық зат деп түсіндіреді. Себебі очерк болашақ көлемді көркем шығарманың эскизі сияқты. Мысалы, А.Фадеев «Жас гвардия» романынан бұрын дәл осы тақырыпқа очерк жазып, барлау жасағаны мәлім. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі Мұхтар Әуезовтің - «Өскен өркені» Сәбит Мұқановтың «Тыңдағы толқындары», Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Курландиясы» тәрізді бірқатар күрделі туындылар да әуелі очерктерден басталған. Көсемсөздің тілі ұшқыр, лепті, жалынды үндеу ретінде келеді. Осы белгілеріне орай Баубек Бұлқышевтің "Шығыс ұлына хат" шығармасы көсемсөз жанрына жатады.[2]

Дереккөздер

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  2. Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2012

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.