"Риу Ави" клубының түлегі. 2005 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастап, 2007 жылы жазда "Бенфикаға" ауысты. Бірақ 2008 жылы қаңтарда "Насьоналға" жалға берілді.
2008 жылы жазда "Бенфикаға" оралып, қайтадан "Реал Сарагосаға" жалға кетті. 2009 жылғы қаңтар мен маусым айларында туған клубы "Риу Авиде" арендада жүрді.
2011 жылы жазда "Реал Мадридке" ауысты. Сол жылы тамызда Испания суперкубогындағы Эль Класикоға қатысып, "Барселонамен" ойында тұңғыш рет "Реал" сапында алаңға шықты.
2013 жылға дейін негізгі құрамда тұрақты ойнаған Коэнтрау клубқа Карло Анчелотти бапкер боп келген соң алаңға сирек шығатын болды. Клубтан кету мәселесі де көтерілді, бірақ ешқайда кетпеді, онысы дұрыс болыпты, 2013/14 жылғы маусым қорытындысында "Реал" Испания кубогы мен көптен күткен УЕФА чемпиондар лигасында топ жарды.
2015/16 жылғы маусымды "Монакода" арендада өткізді.
2017/18 жылғы маусымда "Спортингте" арендада ойнады.
2018 жылы туған клубы "Риу Авиге" оралды.