From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұздық - құрамындағы еріген тұздың жалпы мөлшерері 50 г/л-ден астам табиғи немесе жасанды су ерітінділері.
Жер бетіндегі сулардың минералдары көбінесе 320 – 370 г/л-ден аспайды, жер асты суларындағы тұздықтардың минералдары 550 – 600 г/л-ге дейін жетеді. Құрамындағы тұздардың мөлшеріне қарай тұздықтар бес топқа: тұзға шала қанық (50 – 75 г/л), тұзға орташа қанық (75 – 150 г/л), тұзға қанық (150 – 330 г/л), тұзға толық қанық (330 – 500 г/л), тұзға аса қанық (500 г/л-ден астам) болып бөлінеді. Тұздықтардың алғашқы үш тобы тұзды көлдерде, терең және таяз жер асты суларында жиі кездеседі. Төртінші топтағы тұздықтар Каспий бойы ойысының сулы қабаттарынан орын алған. Бесінші топтағы тұздықтар Қазақстан жерінде әлі анықталған жоқ. Құрамындағы басым келген аниондарына байланысты тұздықтар: хлоридті (хлор-кальцийлі, хлор-магнийлі), сульфатты (сульфатты-натрийлі), гидрокарбонатты (гидрокарбонатты-натрийлі) болып ажыратылады; алдыңғылары молырақ таралған. Тұздықтардың химия, медицина өнеркәсібіндегі маңызы зор, олардан әр түрлі бағалы тұздар өндіріледі, бальнеол. мақсаттарға пайдаланылады. Тұзға қанық және аса қанық тұздықтардың құрамында табиғатта сирек кездесетін элементтер (бром, бор, иод, стронций, калий, литий, рубидий, молибден, түсті және радиоактивті металдар) мол болады. Бұлар тұздық құрамынан арнаулы әдістермен өндіріледі. Жер асты суларының тұздықтары Каспий теңізінің, Индер көлінің түпкі шөгінділерінен табылған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.