Хлоридтер — хлордың электр терістілік қасиеті өзінен төмен болып келетін элементтермен түзетін қосылыстары. Сондай-ақ тұз қышқылының тұздары да хлоридтер деп аталады. Мысалы, NaCl, KCl, CaCl2, т.б. Олардың көп (AgCl, CuCl, AuCl, Hg2Cl2, TlCl және PbCl2 басқасы) суда жақсы ериді. Натрий хлориді немесе ас тұзы күнделікті тұрмыста, калий хлориді ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде, ал кальций хлориді суды бойына жақсы сіңіретін болғандықтан лабораторияда газдарды құрғатуда және эфир, т.б. органикалық заттарды сусыздандыруда қолданылады. Бейметалдар хлоридтері газ (HCl), сұйықтық (PCl3) және қатты (PCl5) болып келеді. Бұлардың ішіндегі маңыздысы хлораминдер, төрт хлорлы көміртек, хлороформиялық хлоридтер хлорлы калий кені және минералдар түрінде (галит, сильвин, карналит, тахгидрит, кохнелит, лаурионит, т.б.) табиғатта кең тараған. [1]
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.