From Wikipedia, the free encyclopedia
Руденко Сергей Иванович (28.1.1885, Харьков — 16.7.1969, Санкт-Петербург) — археолог, антрополог, этнограф, гидрогеолог. Технология ғылымының докторы (1945), Ленинград университетінің профессоры (1921 — 54). 1942 жылдан КСРО ғылым академиясының археологиялық институтының аға ғылыми қызметкері, 1957 жылдан Ютланд археологиялық қоғамының мүшесі, 1962 жылдан Бүкілодақтық географиялық қоғамының құрметті мүшесі, 1966 жылдан Германия (ГФР) археологиялық институтының мүшесі. Руденко Еділ бойы мен Солтүстік-батыс Сібір халықтарының этнографиясын, археологиясы мен антропологиясын зерттеген. Байқал сыртын, Алтайды, Қазақстанды зерттеген кешенді экспедцияларды басқарды. Оның Таулы Алтайдағы ежелгі дәуір ескерткіштеріне жүргізген зерттеулерінің маңызы зор. 1964 ж. Руденко Бүкілодақтық география қоғамының П.П. Семенов-Тян-Шанский атындағы алтын медалімен марапатталған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.