From Wikipedia, the free encyclopedia
Сайөтес, Сай-Өтес, Өтес, Өтес сайы — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, Сайөтес ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Сайөтес | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
44°19′40″ с. е. 53°31′56″ ш. б.44.32778° с. е. 53.53222° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1964 |
Бұрынғы атаулары |
Сай-Өтес |
Орталығының биiктігі |
206 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1883 адам (2021) |
Этнохороним |
Өтестік, Өтестіктер |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 72931 |
Пошта индексі |
130406 |
Автомобиль коды |
12 (R) |
Сайөтес шекарасы
|
Аудан орталығы - Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде, Батыс Жаркемер үстіртінің шетіне таяу орналасқан.
Өтес – Солтүстік Үстірт шатқалының Қайдақ шығанағына қарап жатқан сай басы. Сайда бірнеше тұщы сулы құдық бар. Құдықтың оңтүстік бетіндегі қыр үстіндегі мола да Өтес атымен аталады.
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021[1] |
---|---|---|---|---|---|
1318 | ▲1376 | ▲1762 | ▲1918 | ▲2272 | ▼1883 |
1964 жылы Мақат-Маңғыстау темір жолының салынуына байланысты Өтес кенті құрылды. Ол біраз жылға дейін Үстірттегі геофизикалық барлаушылардың, құрылысшылардың базалық орталығы болып тұрды.
Қазір Сайөтесте мұнай айдау стансасы және темір жол мен автомобиль жолы тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді.[2][3][4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.