Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Саар (нем. Saarland, фр. Sarre) — Германия жері, Саар өзеніне аталып, Франция және Люксембургпен шектеседі. Астанасы — Саарбрюккен.
Федералды жер | |||||
Саар | |||||
Saarland | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Премьер-министр |
Аннегрет Крамп-Карренбауэр (ХСО) | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Жер аумағы |
2 568,7 км² | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
1 030 324 адам (31 желтоқсан 2008) | ||||
Тығыздығы |
403,5 адам/км² | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды |
DE-SL | ||||
Орта ғасырларда Саар шекарасында бірнеше германдық феодал княздіктер болған.
XVII және XVIII ғғ. Франциямен екі мәрте басып алынған, бірақ Наполеонның 1815 жылындағы күйреуінен кейін, Пруссия және Баварияның арасында бөлінді.
Франко-пруссия соғысында, 1871 жылы Германияның бірігуінен кейін, көмір және темір рудаларына бай Эльзаспен Лотарингия жерлерінің аннесияға жатуы салдарынан, мемлекеттің басты өнеркәсіп орнына айналады.
Германияның Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілу салдарынан, Саар Ұлттар Лигасына берілді, ал оның көмір шахталары француздардың меншігіне айналды.1920-1935 жылдары Саар территориясы қайтадан Германия иелігі болып саналды, бірақ ол одақтас әкімшілікпен оккупацияланды(қара. Саар (Ұлттар Лигасы)),кейін плебисцит бойынша Гитлердің Үшінші рейхіне «Западная пограничная марка» ретінде енгізілді.
Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін Саар қайтадан одақтастармен оккупациялануға түсіп, француздық протекторатына айналды, сонымен қатар Олимпиадалық ойындарға да жеке мемлекет ретінде қатысты.АҚШ және Ұлыбритания Саарды Эльзпен Лотарингияның артынан Францияның құрамына қосуға талпынды,ал сол уақытта Франция болса Саардың Люксембург секілді жеке шектес мемлекетке айналуын жақтады.Бұл соңғы ұсыныс референдумға шығарылды және 65% саарлықтармен қабылданбады, себебі олар Германия Федерациялық Республикасына қайта косылуын көздеген болатын.1957 жылы 1 қаңтарда қоғамдық қызу дискуссиясынан және жаңа референдумынан кейін Саар Германия Федерациялық Республикасының құрамына оныншы федералдық жері ретінде кірді. Сол кезде қабылданған франко-германдық келісім бойынша, Саар мектептерінде бірінші шет тілі ретінде француз тілі оқытылады.
Адырлы жермен ерекшеленеді.
2009 жылдың 30 тамызында өткен жергілікті ландтагқа сайлау нәтижелері бойынша ХДО 34,5% сайлау дауыстарына ие болып, басқа партиялардан аса зор емес артықшылықты сақтады. [1] Жалпы оңцентристік партиялар (ХДО+ Германияның еркін демократиялық партиясы) және солцентристік партиялар (Германияның социал-демократиялық партиясы+ Сол) ландтагта бірдей 24 орынға ие болды. «Жасылдар» 3 алды. Ландтагта барлығы 51 орын болды.Үкіметтің қалыптасуы үшін көбірек дауыс қажет,яғни 26 кем емес.Осылайша, «Жасылдарда» осы екі коалициялардың біреуіне еруіне және билікке келіп мемлекеттің құрылуына қатысуға мүмкіндік туды.Көптің таңдануына 2009 жылдың 11 қазанында «Жасылдар» оңцентристік коалицияға еріп және ХДО мен Германия социал-демократиялық партиясымен коалиция кұруын шешті.[2](Себебі бұл партиялардың түстерінің үйлесімі Ямайка туының түсіне сәйкес келеді, бұл коалиция түрін кейде Jamaika-Koalition сөзімен атайды, яғни Ямайка-коалициясы).Бұл шешім «Жасылдардың» шешімі Петер Мюллерге (ХДО) премьер-министр лауазымында қалуға мүмкіндік берді.
Саарбрюккен қаласында Саарланд Университет і орналасқан. Оның территориясында Германия ғылыми организацияларының бүкіл ұйымдары орналасқан: DFKI, Макс Планк институты, Лейбниц атындағы институт т.б.[3]
Саара сарайлары
Тұрғындар саны 20 мыңнан асатын қалалар 30 қыркүйек 2010 жыл бойынша | ||||||||||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.