From Wikipedia, the free encyclopedia
«Реал Вальядолид» (ис. Real Valladolid CF) — Испанияның Вальядолид қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. Қазіргі күнде Испания Ла лигасында өнер көрсетеді.
Реал Вальядолид | |||
Құрылған жылы |
1928 | ||
---|---|---|---|
Стадионы |
Хосе Соррилья, Вальядолид | ||
Сыйымдылығы |
26512 | ||
Бас жаттықтырушы | |||
Жарыс | |||
2018/19 |
16 | ||
Формасы | |||
| |||
Футболдан Испания чемпионаты 2019/20 | |||
1928 жылы «Реал Юнион Депортива де Вальядолид» және «Клуб Депортиво Эспаньол» клубтарының бірігуінен құрылды. 1947/48 жылғы маусымда Сегунда жеңімпазы атанды да, тұңғыш рет Ла Лигаға жолдама алды.
1949/50 жылы Испания кубогының финалына шықты. "Шамартин" стадионында "Атлетик Бильбаодан" 1:4 есебімен ұтылып қалды.
1961/62 жылғы маусымда Ла Лигада 4-орынға көтерілді (әзірге ең жоғарғы көрсеткіші).
Бұдан кейін көп жылдар бойы бірнші және екінші дивизионға жиі алмасумен болды. Жаплы, Ла лигада 42 маусым өткізді.
2006/07 жылы Ла лигада қатарынан 29 кездесуде ұтылған жоқ.
Клубта әр жылдары Альваро Гутьеррес, Габриэль Хайнце, Рашид Рахимов, Фернандо Салес, Ален Петернац, Хосе Луис Каминеро, Фернандо Йерро, Альваро Рубио, Сесар Санчес, Диего Коста секілді атақты футболшылар ойнады.
2018 жылы 3 қыркүйекте бразилиялық танымал футболшы Роналдо клубтың 51 пайыз акциясын сатып алды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.