Пассат
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пассат (нем. Passat, ис. viento de pasada — көшкенге қолайлы жел) — Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және экваторлық ендіктерінде субтропиктік жоғары қысымды аймақтардан (облыстардан) экваторға қарай жыл бойы соғатын тұрақты желдер; қос жарты шардағы субтропиктік жоғарғы қысым аймағы (25 градус — 30 градус ендіктер) мен экватор арасындағы жыл бойы байқалатын тұрақты түрдегі ауа массаларының тасымалдануы.[1]
Жер бетіне жақын ауа қабатында үйкелу мен Кориолис күшінің әрекетінен, Солтүстік жарты шарда Солтүстік-Шығыс желі, ал Оңтүстік жарты шарда — Оңтүстік-Шығыс желі қалыптасады.[2]
Жердің өз өсімен айналуының әсерінен өзінің алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда солтүстік-шығыс, Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат желдері басым болады. Пассаттар мұхиттардың үстінде (әсіресе Тынық және Атлант мұхиттарында) тұрақты және айқын байқалады. Материктердің үстінде атмосфера қысымының жергілікті ерекшелігіне байланысты оншалық байқалмайды. Пассаттарда қозғалатын ауа қабатының қалыңдығы субтропиктік жоғары қысымды өңірде (25-30° ендіктер) 1—2 км құраса, экватор маңында бүкіл тропосфера қабатын қамтиды. Одан жоғарыда жел қарама-қарсы бағытта соғады (қ. Антипассат). Пассаттар атмосфераның жалпы циркуляциясы жүйесіне кіреді.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.